Жарияланған күні: 21.02.2024 15:50
Өзгертілген күні: 21.02.2024 15:51

Материалдық емес қызметтер бойынша

Бейрезиденттен – басқарушылық, консультациялық, консалтингтік және т.б. өзара байланысты тараптардан сатып алынған материалдық емес қызметтер бойынша шығындар КТС бойынша шегерімдерге жатпайды. Бұл шарт салық салынатын табысты азайту мақсатында шығындарға да қолданылады (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі).

Микроқаржы ұйымдарына салық салу бойынша
Микроқаржы ұйымы КТС есептеу мақсаттары үшін микрокредит және ол бойынша сыйақы бойынша үмітсіз берешекті ең жоғары мөлшер шегінде кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талап мөлшері азайған жағдайда құрылған провизиялар (резервтер) мөлшерінің төмендеуінен түсетін табысты мойындамайды (коэффициент 0,2) (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі).

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға салық салу бойынша
КТС есептеу мақсаттары үшін салық салынатын табысты азайту Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша Екінші деңгейдегі банктер алған кірістер бойынша жүргізілмейді. Сондай-ақ, бейрезиденттердің табыстары бойынша мемлекеттік эмиссиялық қағаздар бойынша сыйақы түрінде босату алынып тасталынды (2024 жылғы 1 наурыздан бастап енгізіледі).

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар түріндегі табыс сомасына салық салынатын табысты, сондай-ақ көрсетілген бағалы қағаздарды өткізуден келтірілген залалдарға азайтылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табысты азайту құқығы алынып тасталды (2030 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).