Жарияланған күні: 14.03.2022 18:02
Өзгертілген күні: 14.03.2022 17:55

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2022 жылдың 31 наурызында салық есептерінің келесі нысандарын ұсыну мерзімінің аяқталатынын еске салады:

  1. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация 2021 жылға 100.00,110.00, 180.00 нысандары;
  2. Жеке табыс салығы бойынша декларация 2021 жылға 220.00,  240.00 нысандары;
  3. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы бойынша салық декларация  2022 жылға 870.00 нысаны;
  4. Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация 2021 жылға 700.00 нысаны;
  5. Жалға беру (пайдалану) шарттарының тізілім 2021 жылға 871.00 нысаны;

6) Тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін декларация  2021 жылға 912.00 нысаны;

7) Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларация бойынша 2021 жылға 920.00 нысаны;

8)      Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есебі 2021 жылдың 4 тоқсанына 101.04 нысаны;

9) Корпоративтік табыс салығы және үстеме пайда салығы бойынша декларация 150.00 нысандары бойынша 2021 жылға.

 

Салық есептілігін тапсыруды соңғы күнге қалдырмауға кеңес береміз.

СЕӨС клиенттік қосымшасымен және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасымен жұмыс кезінде үлкен жүктемеге байланысты, қолданушыларға  салық есептілігін табыс ету процессін қиындатады.

 

E-Salyk Azamat мобилді қосымшасы 240.00, 700.00 салық есептіліктері нысандарын тапсыру бойынша сіздің көмекшіңіз.

 

                        ШҚО бойынша түсіндіру жұмысы басқармасы