Жарияланған күні: 05.07.2019 14:53
Өзгертілген күні: 22.11.2019 10:35

Онлайн-бақылау-касса машиналарын қолдану

 

«Салық төлеушілер Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асырғанда ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын қызмет түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №206 бұйрығына өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығына сәйкес 2019 жылдың ішінде онлайн-бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі – онлайн-БКМ) қолдану толығымен көшіріліп, жүзеге асырылады.

Аталған бұйрық 2019 жыл ішінде тоқсан сайын салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін ұлғайтуды қарастырады.

Тоқсан сайын онлайн-БКМ қолдану негізінде 633 қызмет түрі ауысатын болады.

Салық төлеушілердің назарына қызмет түрлерінің тізбесі ұлғайтылатынын еске саламыз:

  • 2019 жылдың 1 сәуірінен 323 қызмет түрі;
  • 2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі;
  • 2019 жылдың 1 қазанынан 224 қызмет түрі.

Онлайн-БКМ қолдану бойынша талап, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар  желiсi жоқ жерлерде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге таратылмайтынын ескерген жөн.

Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында https://kgd.gov.kz/kk/content/bakylau-kassa-mashinalaryn-koldanu-1 сілтемесі бойынша орналастырылған.

Жоғарыда көрсетілген бұйрық тек, салық төлеушілер оларды жүзеге асырған кезде онлайн-БКМ қолданатын қызмет түрлерін анықтайтынын атап өтеміз.

БКМ қолдану тәртібі Салық кодексінің 166-бабымен реттеледі.

ҚР Салық кодексінің 166-бабының 1 - тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiлетініне назар аударамыз.

Ақшалай есеп айырысулар кезінде бақылау-касса машиналарын қолданудан:

1) жеке тұлғалар

2) адвокаттар мен медиаторлар

3) қызметін:

патент негізінде 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда объектілері арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін;

бірыңғай жер салығын төлеу негізінде арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер  (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа) 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін;

4) билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

6) екінші деңгейдегі банктер босатылады.

Бұйрықпен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті сайтынан https://kgd.gov.kzтаныса аласыздар.

 

Түсіндіру жұмысы басқармасы.