Жарияланған күні: 05.02.2024 18:25
Өзгертілген күні: 05.02.2024 18:25

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылғы 03 ақпанынан бастап Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы № 9 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге өңделмеген балықты: өзге де балғын немесе салқындатылған балықты (көксерке) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодынан (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) 0302891070 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, балғын немесе салқындатылған жайын балықты (ЕАЭО СЭҚ ТН 0302720000 кодынан), кларий (африкалық) жайын балығын қоспағанда, мұздатылған жайыны (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303240000 кодынан), өзге де тұщы су балықтарын, мұздатылған (көксерке) (ЕАЭО СЭҚ ТН 0303891070 кодынан) әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынғанын хабарлайды.

Сонымен қатар, СЭҚ ТН кодынан 0302891070, 0303891070, көкскерке жасалған мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) сондай-ақ СЭҚ ТН 0302720000, 0303240000 кодынан жайын мұздатылған өніміне (арнайы кесілген ұшасы, бөлігі, қабаты, басы кесілген қабаты, жоны, төсі) бөлінген шектеу шаралары қолданылмайды, өйткені мұздатылған балық өнімдерінің аталған бөлінген түрлері қайта өңдеу өнімдері болып табылады.