Жарияланған күні: 31.03.2015 18:56
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:33

2014 жылы 1 қыркүйектен  бастап Қазақстанда   мүлікті  және капиталын жариялау акциясы  басталды.  Акция  2015 жылдың 31  желтоқсанына дейін жалғасады. Мүлікті жария етуге  құжаттар 2014 жылдың 1 қыркүйугінен бастап 2015 жылдың  қараша сына дейін аралығында қабылданады.

Жария ету дегеніміз, мемлекеттік   тану рәсімі,  нарықтан тыс  қалған  және   Қазақстан Реуспубликасының  заңнамасына сәйкес  ресімделмеген, не болмаса тиісті емес тұлғаларға ресімделген мүлікті заңды түрде  құжаттандыру.

Акцияның басты мақсаты –  капитал  және басқа да қаражаттарды заңды айналымға ендіру. Акциға ҚР азаматтары, оралмандар,Қазақстан Республикасында тұруға  ықтиярхаты бар адамдар  қатыса алады.  Баспалған акция Қазақстан Республикасында және шет елдегі мүліктерді жария етуге болады.

Жария етілген ақша салық салу мақсатында  табыс болып табылмайды.  Ақшаны заңды айналымға енгізуге үшін екінші деңгейдегі банктердегі есеп шотына салынуы қажет.  Акцияның арықшылығы: біріншіден, ақшаны ЕДБ шотында үш жыл мерзім аралығында ұстау мен қатар одан табыс алуға болады, екіншіден, өз қалауы бойнша оны нарыққа инвестиция ретінде қосуға, ақша, құнды қағазға, облигацияларға айырбастауға, заңды  тұлғалардың үлесіне заңдастыруға болады, үшіншіден, азаматтардың  2-ші айналым бойнша мүлік сатып алуға жұмсауға құқықты. Егер тұлға, жарияланған ақшаны, аталған мақсаттарда пайдаланбаған жағдайда, оны өз еркімен  қолдана алады,  бірақ алдымен  оның  10 пайызы мөлшерінде алым төленеді. 

 Бородулиха аудын бойынша   мемлекеттік  кірістер  басқармасы.