Жарияланған күні: 15.07.2015 17:58
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

 Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметі басталған күннен-ақ, өзара даму принципіне баса назар аударылған болатын. Шектелген ортада еңбек етушілердің дамуы жалаң жүретіні белгілі. Мұндайда қызметкерлердің дүниетанымын кеңейтіп, алдарына қойылған міндеттерге әлем жетістіктері деңгейінен қарауға көмектесу қажеттігі туындайды. Мемлекеттік қызметтің өзге де салаларындағы қызметкерлермен ақпарат алмасуды қамтамасыз етіп, ойлам өрісін ұлғайтудың маңызы зор болды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалды реформасын іске асыру жөніндегі 100 нақты қадамын жүзеге асыру, сондай-ақ өзара дамуды қамтамасыз ету мақсатында Департамент басқармаларының арасында толғандырған мәселелерді нәтижелі талқылау және жаңа пікірлерді қалыптастыру үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде сапа үйірмесі ұйымдастырылды. Үйірмеге қатысушылар жұмыс учаскелеріне баруға, өзара қызығушылық тудыратын әрі проблемалық мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік алды.

Сапа үйірмесі – бұл әр қызметкердің бар күш-жігерін жұмсап қызмет етуінің тиімді тәсілі, ол әрі өзін-өзі дамыту және үйірме мүшелерінің өзара дамуын қамтамсыз етеді, сапаны басқару әдістерін кеңінен қолданумен өз жұмыс учаскесінде қызметті жетілдіреді.

Сапа үйірмелерінің қызметкерлердің біліктілігінің дамуы мен өсуі, еңбекке қанағаттанудың артуы және өзін-өзі дамыту, басқарудағы демократиялық бастамалардың дамуы, жоспарлауды жетілдіру, жұмысшылар арасындағы қоғамдасудың жетілуі сияқты артықшылықтары бар.

Жапон елі сапаны басқару саласында көшбасшы болған және болып қала береді. Бастапқыда сапа үйірмесі ұжымшылдыққа негізделіп, жеке тұлғаға әсер етудің барлық моральдық-психологиялық тетіктері қолданылды. Ал, ұжым алдындағы парызды сезіну жапон менталитетінде ұят сезімімен пара-пар сезім.

Мемлекеттік кірістер жүйесі халықтың материалдық жағдайын жақсарту үшін қызмет ететіндігін ескерсек, бұл ұжымшылдық сезімін барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік кірістер басқармасында бастау алған сапа үйірмелері жұмысты жақсарту үшін жағдай жасайды және мемлекеттік қызметшілердің жұмыс қабілеттілігін жоғарылататынына сенім мол.

Жан-тәнімен жұмыс істеуге қол жеткізу мақсаттың жан-жақты ақылға салынған жүйесін пайдалану, сондай-ақ еңбек өнімділігі мен сапасын тұрақты арттыру үшін   жұмысшыларды моральдық, психологиялық және материалдық көтермелеу есебінен жүзеге асады.

«Ұлт жоспары» - тиімді мемлекет құру жолындағы бағдарламамен, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын қызмет нәтижелеріне байланысты көтеру, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық қызметақысына аймақтық түзету коэффициенттерін енгізу қарастырылған. 

Әр қызметкердің өз ісіне толық берілуін қолдау үшін мемлекеттік қызметшілерді ұдайы оқыту  - үш жылда бір рет біліктілігін арттыру жүйесін заңмен бекіту қарастырылған.

Осы бастамамен Департаменттің сапа үйірмесі жұмыс сапасының толығымен жақсаруына және қазақстандық мемлекеттіліктің нығаюына өзінің нақты қадамын жасаған Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет ететіндігіне сенеміз.