Жарияланған күні: 03.08.2015 09:13
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Іс - шаралар жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаметімен Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі істер Департаментінің әкімшілік полициясымен бірлесе жолаушыларды тасымалдау бойынша такси қызметін көрсетумен айналысатын тұлғаларға қатысты бірлескен іс-шаралар жүргізіледі.

Жоғарыда аталған  акцияның мақсаты жолаушыларды тасымалдау бойынша такси қызметін көрсетумен айналысатын тұлғаларды салық органдарында тіркеу есебіне қою және сәйкес салықтарды бюджетке төлеуді қамтамассыз ету болып табылады.

01.07.2015 жылғы жағдай бойынша жалпы облыс бойынша салық органдарында 7701 такси, жыл басымен салыстырғанда 2183 такси артық тіркелді.

Аталған іс-шаралар барысында келесі бұзушылықтар анықталды:

- салық органдарында тіркеу есебінде болмуы;

- патент құнының есебінің болмауы;

- нақтысында такси қызметімен айналысуы, бірақ салық органдарында олармен қызметінің уақытша тоқтата тұруы туралы мәліметтің тапсырылуы.