Жарияланған күні: 04.06.2015 17:11
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 2015 жылдың 03 маусымында Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы және Қазақ Хандығының құрылғандығына 550 жыл толуына, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылуын мерекелеуге байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарында I-ой Спартакиадасының қорытындысы бойынша салтанатты жиналыс өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде департамент атынан жарысқа қатысушыларға белсенді қатысқандары және алған жүлделері үшін алғыс айтты. Ол департаменттің барлық қызметкерлеріне жаман қылықтардан арылып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстанулары қажет екендігін атап өтті. Әрі қарай Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айнабеков Бауыржан Қазбекұлының атынан алғыс хаттар ұсынылды.

Сонымен қатар, «Қазақша күрес» жарысында бірінші орын алған, «Майқапшағай» кеден бекетінің басшысы Сейлханов Руслан Адилбекович құттықтау сөз сөйледі. ШҚО бойынша МКД өте жақсы нәтижелер көрсеткен қызметкерлері

1. Руслан Адилбекович Сейлханов

2. Андрей Толеугалиевич Байскаков

3. Аслан Сергазинович Муталипов

4. Наршагуль Есбосыновна Кутешева

5. Ержан Советұлы Омарбаев

6. Даурен Кадесович Баиркенов

7. Ренат Кадрбекович Сафиндер болды.

Осы күні Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәжіліс залында сағат 17-00-де Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанды дамытудың бес негізгі реформалары «100 нақты қадам» Ұлт жоспары тақырыбында және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО  бойынша  департаментінің  басшысының орынбасары Жұмағұлова Тоқтамыс Кадошұлының қатысуымен  мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясы бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналысты Департаменттің басшысы Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы ашты. Әрі қарай, өз баяндамасымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО  бойынша  департаментінің  басшысының орынбасары Жұмағұлова Тоқтамыс Кадошұлы сөз сөйледі.

Ол  сыбайлас жемқорлыққа қарсы стартегиясының негізгі бағыттарын әрі қарай анықтау мақсатында, негізгі міндеттер 2015-2025 жылдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша мақсаттарға жетуге бағытталғандығын атап өтті.                                                                             

Сонымен қатар, Елбасымыз Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100-нақты қадам» Жолдауы бойынша да айтып өтті. Ең негізгі бағыт бірінші бағыт болып табылады, мемлекеттік қызметті сапалы көрсетуді қамтамасыз ететін, автономды мемлекеттің тұтас кәсіби аппаратын құру.

Стратегияның міндеттері «Қазақстан -2050» стратегиясының мақсаттарына жетуге бағытталған, дамыған мемлекттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары әзірленген.

Мәжілістің соңында, мемлекеттік кірістер органының басшысы Айнабеков Бауыржан Қазбекұлы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО  бойынша  департаментінің  басшысының орынбасары Жұмағұлова Тоқтамыс Кадошұлына аталған ағартушылық шараны өткізгендігіне алғыс білдірді.             

 

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 

Ұйымдастыру-қаржы басқармасы С.Т.Хасенова