Жарияланған күні: 06.08.2015 17:15
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Облыстың мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдерді қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жылдың 1 жылдығының қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 69 092,7 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді. Соның ішінде республикалық бюджетке болжам 5 758,3 млн.теңгеге артығымен орындалды немесе 29 480,3 млн.теңге түсті, жергілікті бюджетке 39612,4 млн.теңге қамтамасыз етілді, 101,1%-ға орындалды.

Өткен жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 109,8% немесе 9 492,2 млн.теңгеге көп түсті, оның ішінде республикалық бюджетке – 111,9% немесе 7 081,3 млн.теңге (нөлдік мөлшерлеме бойынша ҚҚС қайтаруды есепке алмағанда), жергілікті бюджет бойынша-106,5% немесе 2410,9 млн.теңге.

Егер алты ай бойынша төлемдер мен салықтық түсімдерге талдау жасаса, онда түсім көлемінің абсолюттік шамасы 18416,1 млн. теңгеге артты (2010 жыл – 50 676,6 млн. теңге, 2015 жыл – 69 092,7 млн. теңге).

Бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен төлемдердің көбеюі салықтарды әкімшілендіру сапасының жоғарлауы, экономикалық-бақылау жұмыстарын күшейтуі және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің жөнге салынуының нәтижесінде мүмкін болып отыр, бұл бюджетке түсетін салықтық түсімдер мен төлемдердің серпініне оң әсер етеді.

ҚР Салық кодексінің 585 бабына сәйкес, камералды бақылау шараларын жүргізу нәтижесінде қреспубликалық бюджетке 784 салық төлеуші бойынша қосымша 2012,8 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді.

Жергілікті бюджет кірісіне төлемдер мен салықтық түсімдердің қосымша қорларын анықтау мақсатында жергілікті атқарушы органдармен қосымша қорларды іздестіру бойынша шаралар кешені дайындалды және жүзеге асырылды. Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша алгоритм шегінде салық салу базасын кеңейту бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, жергілікті бюджетке қосымша салықтар мен түсімдердің 761,1 млн.теңге сомасы қамтамасыз етілді.