Жарияланған күні: 08.06.2015 11:41
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

03.06.2015ж. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында Тәуелсіздік даңғылы, 86 үй, «Салық қызметінің ардагерлері» Қоғамдық ұйымының ШҚО филиалының директоры С.Б. Нұғымановтың қатысуымен «Түбіртекті талап ет-жүлде ұтып ал» республикалық акциясының 1-ші кезеңінің мамыр айындағы ұтысы өткізілді. 

«Түбіртекті талап ет-жүлде ұтып ал» республикалық акциясының 1-ші кезеңінің жеңімпазы болып № 001481 купонның иесі Өскемен қаласының тұрғыны  Е.В.Яровая атанды. Жеңімпазға Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысының орынбасары В.Я. Май алғыс хат тапсырды.  

Акцияның  негізгі мақсаты азаматтардың белсенділігін және халықтың салықтық сауаттылық деңгейін жоғарлату, халықтың ақшалай есеп айрысулар барысында бақылау-кассалық аппаратының қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңызы жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, азаматтарды тұтынушы ретінде өз құқығын қорғай білу мәдениетіне тәрбиелеу.

Біз әрбір акцияға қатысушыға көрсеткен белсенділігі үшін алғыс білдіреміз және қатысушылар саны бұдан былай өседі деп үміттенеміз.