Жарияланған күні: 03.12.2015 16:00
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменты келесіні мәлімдейді:

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауыл шаруашылығы кооперациясы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы №373-V Заңында (бұдан әрі – Ауыл шаруашылығы туралы Заң) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне арналған АСР (бұдан әрі – АШТӨ арналған АСР) 70 % жеңілдікті Салық кодексінің 448-бабында белгіленген тиісті шарттар кезінде шаруа және фермер қожалықтарына қолдануға құқығы ұсынылған.

Осыған байланысты, уәкілетті орган белгілеген қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтiнiшпен бір мезгілде ұсынуы қажетінің АШТӨ арналған АСР қолдануға мұндай хабарламаны ақпарат жүйесінде іске асыруғанға дейін жаңадан құрылған шаруа немесе фермер қожалықтарының назарына жеткіземіз (аталған жұмысты өткізуге қаржыландыруды алу шаралары бойынша).

Бұл ретте 2016 жылдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен ауысу кезінде арнаулы салық режимiн немесе өзге де АШТӨ арналған АСР қолдану үшiн Салық кодексінің 450-бабы 1-тармағына сәйкес 2015 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуы қажет екендігіне назар аударамыз.

Одан басқа, Ауыл кооперациясы туралы Занымен АШТӨарналған АСР қолданылатын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің (бұрын – селолық тұтыну кооперативтері) мына қызмет түрлері белгіленген.

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру және өткізу;

2) өзі өндірген және (немесе) осындай кооператив мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін қайта өңдеу, сондай-ақ осындай қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізу;

3) өзі өндірген және (немесе) осындай кооперативтің мүшелері өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін және  2)-тармақшаның көзделген қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді сақтау;

4) осындай кооперативтің мүшелері үшін ауыл шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) саласындағы қызметтің қосымша түрлерін орындау;

5) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша жұмыстарды (көрсетілетін қызметтерді) осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-3) тармақшаларыңда көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында орындау (көрсету);

6) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша айқындаған тізбе бойынша тауарларды осындай кооперативтің мүшелеріне 1)-4) тармақшаларыңда көрсетілген қызмет түрлерін олардың жүзеге асыруы мақсатында өткізу жөніндегі қызметіне қолданылады.

ШҚО МКД  Түсіндіру жұмыс басқармасы