Жарияланған күні: 18.05.2015 11:14
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Салық кодексінің 73 және 74 баптарында белгіленген тәртіппен салық төлеуші (салық агенті) салықтық есептілікті тапсыруды (ұзарту, қайта бастау) тоқтата тұру туралы өтінішінің негізінде, Салықтық есептілікті тапсыруды (ұзартуға, қайта бастауға) тоқтата тұруға құқығы бар.

Салық төлеушілердің жағдайын жақсартуға және  салықтық әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған, Салық кодексіне енгізілген Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы «Салық салу мәселелері бойынша бірқатар заңнама актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» №257- V Заңындағы өзгертулерге назар аудару қажет.

Мысалы, Салық кодексінің 73 бабының 1 тармағына ҚҚС төлеушісі болып табылатын салық төлеуші (салық агенті), қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған жағдайда,  салық кезеңінің басынан бастап салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы өтініште көрсетілген қызметті тоқтата тұру күніне дейін салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша салық есептілігімен бірге, өзінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шешу мақсатында қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті   ұсыну қажет.

Сонымен қатар, патент негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлердің салықтық есептілігін тапсыруға қатысты Салық кодексінің 74 бабына өзгертулер енгізілді.

Аталған бапқа сәйкес, салық есептілігiн табыс етуді тоқтата тұрудың ұзартылуы ескерiлген мерзімі салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі басталған күннен бастап күнтізбелік отыз алты айдан аспауға тиiс.

Сонымен қатар, патенттің қолданылу мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде салықтық өтінішті немесе патент құнының кезекті есеп-қисабын табыс етпеген кезде, салық төлеуші Салық кодекстің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылуға жатады.

Бұрынғы уақыттағыдай салықтық есептілікті тапсыруды тоқтата тұру жер телімдерін пайдалану төлемдері бойынша, жер және көлік құралдарының салығы, мүлік салықтары бойынша салықтық есептілікті тапсырудың мерзімдері мен тәртібіне қолданылмайды.

Салықтық есептілікті тапсыруды тоқтата тұру туралы шешімді қабылдамау келесі жағдайларда:

- өтініш беру күнінде салық төлеушінің (салық агенті) салықтық борышы, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша борышы бар болған жағдайда;

- салық төлеушімен (салық агенті) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш пен салықтық есептілігі тапсырылмағанда;

- салық органдарымен салық төлеушіні әрекетсіз деп тапқанда қабылданады.

Салық төлеушілер салықтық өтінішті Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының «Салық төлеушінің кабинеті»  Web-қосымшасы www.kgd.gov.kz арқылы электронды түрде тапсыра алады.

Қағаз жеткізушімен немесе электронды түрде (өтінішті беру тәсіліне байланысты) қызметті тоқтата тұруды қабыл алмау немесе тоқтата тұру туралы шешім, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлерге салықтық өтінішпен жүгінген күні, басқа санаттар бойынша 3 жұмыс күн ішінде шығарылады.

 

                                    ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті