Жарияланған күні: 13.05.2015 14:51
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Пресс-релиз

Бүгін, 2015 жылдың 30 сәуірі күні "Ұлы отан соғысының 70 жылдық мерей тойы қарсаңында" Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандарымен "автосайыс" ұйымдастырылды. 10 автокөліктен тұратын колона тыл еңбеккерлерімен өзінің қозғалысын Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратынан бастап өзінің қозғалысын "Жеңіс алаңында" аяқтады. Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.С. Әділбаев тыл еңбеккерлерімен "Даңқ", "Мәңгілік шыраққа" және "Жеңіс алаңына" гүлдер мен гүл тізбектері қойылды.

Бұдан әрі қарай іс-шаралар Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында жалғасты тыл еңбеккерлеріне "Ұлы отан соғысының 70 жылдық мерей тойы қарсаңында" мерекелік жиналыс ұйымдастырылды.

Мерекелік жиналыста Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының зейнеткерлері мен тыл еңбеккерлері Танкаев Айткожа Акжолович, Исаханов Есхан Валиханович, Мерещанов Юрий Яковлевич, Азимбаев Аманжол, Топатаев Исагали Иманккулович, Соколова Людмила Федоровна, Шилова Лариса Тарасовна, "Жас Ұлан" училищесінің курсанттары, Семей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеттің студенттері, салық қызметінің зейнеткерлері сонымен қатар Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшылығы және қызметкерлері қатысты.

Фотоның мұрағаты