Жарияланған күні: 02.04.2015 14:42
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:33

 

ҚР ҚМ МКК Шығыс Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті

Пресс-релиз

 

 2015 жылдың 31 наурызында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Д.Е.Ерғожинмен бекітілген, Қазақстан Респбуликасының 30.06.2014 ж. «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңын жүзеге асыруды ақпараттандыру бойынша Медиа-жоспарды орындау барысында «Қазақстан-Өскемен» РТРК телеканалының өкілдерімен кездесу жүргізілді.

         Аталған кездесу барысында Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айнабеков Бауыржан Қазбекович  «Мүлікті жария ету бойынша акция. Болашағы мен нәтижелері» тақырыбында сұхбат берді.

         Өз сөзінде департамент басшысы Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары  жүргізілетін мүлікті жария ету мен жария ету тәртібінің негізгі артықшылықтарына тоқталды.

         Заңды қабылдаудың  негізгі мақсаты болып,  азаматтарға өз мүліктерін заңды айналымға енгізу және сонымен бірге бұл қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мүмкіндігі болатындығын атап өтті.

         Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлерде мүлікті жария етудің қажеттігі, сонымен қатар құнды қағаздар мен заңды тұлғаның жарғы қаржысына қатысу үлесін, облигациялар, ақша қаражаттарын заңдастыру мүмкіндігі туралы атап өтті. Сонымен бірге, жария етілген мүліктер мен ақшалар  салық салу мақсаты үшін табыс көзі болып табылмайды, соған сәйкес, табыс салығы салынбайды.

         Өз сөзінің соңында, Бауыржан Айнабеков жария етудің алты ай мерзімін қорытындылады және халықты жүргізіліп жатқан акция шегінде жылжымайтын мүлік құқығын заңдастыруға шақырды. Бұл «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі бағыты, яғни халықтың әл-аухатын жақсарту мен еліміздің бюджетінің кірісін жоғарлату бөлігі болып табылады.

 

ШҚО бойынша МКД