Жарияланған күні: 30.03.2015 15:45
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:33

         2014ж. 1 қыркүйек айынан бастап «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңы күшіне енді, бұл заң мүлікті ресмилендіруді жүргізуге бағытталған үкіметтің бір жолғы акциясы.

         Мынадай  мүліктер  рақымшылыққа жатады: ақша, бағалы  қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, басқа адамға ресімделген жылжымайтын мүлік, құрылыс нормалары мен қағидаларына, сондай-ақ өздері орналасқан, жария ету субъектісіне меншік құқығында тиесілі жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер, Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлік жария етуге жатады.

ҚР аумағында  орналасқан мүлікті жария ету үшін, жергілікті әкімшілік жанында құрылған мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау комиссиясына бас куәліктің көшірмесін және өтініш тапсыру қажет.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тіркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесі бойынша - осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн, бағалы қағаздар бойынша - осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты, мүліктің сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады, алымды төлегенін растайтын құжатты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің аймақтық басқармалары жанынан құрылған комиссияға ұсынады.

Ақшаны жария ету бойынша, екінші деңгейдегі банктерге өтініш беру қажет. Рақымшылық  жасауға төленетін алым соммасын төлеу үшін 206110 бюджеттік классификациялық арнайы кодына төленеді, заңдастырылатын  қаражаттар арнайы есеп шотқа аударылады.               

          Мүлiктерді  жария  етуге өтініштер 2015ж. 30 қарашасына дейін қабылданады.

Шемонаиха ауданы бойынша МКБ