Жарияланған күні: 25.05.2015 12:19
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлiктi жария етуiне байланысты рақымшылық жасау туралы» (әрі қарай мүлікті жария ету туралы заңы) Қазақстан Республикасының  2014 жылдың 30 маусымындағы Заңына сәйкес, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мүлікті жария ету, оның iшiнде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету басталғанын естеріңізге салады.
Келесі мүліктер:  

1)    ақша;

2)    бағалы қағаздар;

3)    заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесi;

4)    басқа адамға ресiмделген жылжымайтын мүлiк;

5)    Қазақстан Республикасының аумағында тұрған үйлер(құрылыстар, ғимараттар);

6)    Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк жария етуге жатады.

Мүлiктi жария ету мерзiмi 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.
Мүлiктi (ақшадан басқа) жария етуге ұсыну үшiн құжаттарды тапсыру мерзiмi 2015 жылғы 30 қарашада аяқталады.

Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiктi жария ететiн жария ету субъектiлерi мемлекеттiк кiрiс органындағы комиссияға   мынадай құжаттарды:
- Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған жылжымайтын мүлiк және шет мемлекетте тiркелген заңды тұлғалардағы қатысу үлесi бойынша - осындай мүлiкке құқық белгiлейтiн құжаттың нотариат куәландырған көшiрмесiн;
- эмитенттерi шет мемлекетте тiркелген бағалы қағаздар бойынша - бағалы қағаздар бойынша құқықтарды есепке алудың тиiстi жүйесiндегi жеке шоттан үзiндi көшiрменi не резидентi бағалы қағаздардың эмитентi болып табылатын мемлекеттiң заңнамасында белгiленген, осы бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын өзге де құжатты;
- мүлiктiң сатып алу құнын немесе бағалау құнын растайтын құжатты ұсынады.

Бұл ретте, егер мүлiктiң құны шетел валютасында көрсетiлсе, онда ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - теңгемен, өтiнiш берiлген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша қайта есептеледi;

- алымды төлегенiн растайтын құжатты ұсынады.
Жария ету субъектілері құжаттарды Қазақстан Республикасы аумағының шегiнен тыс жерлерде тұрған мүлiк бойынша (ақшадан басқа) - жария ету субъектiсiнiң тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органына ұсынады.

Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде тұрған осындай банктердiң филиалдарын қоспағанда, Ұлттық пошта операторы ақшаны жария ету мақсатында жария ету субъектiсiнiң өтiнiшi негiзiнде жеке жинақ шотын (бұдан әрi - жинақ шоты) ашады.
Ақша мынадай шарттардың жиынтығы сақталған:
1) ұлттық және (немесе) шетел валютасында жария етiлетiн ақша жария ету мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкiнде, Ұлттық пошта операторында ашылған жинақ шотына салынуға (аударылуға) тиiс;

2) жария етiлетiн ақша жария ету мақсатында осындай шотқа ақшаны салған (аударған) күннен бастап кемiнде күнтiзбелiк 60 ай жинақ шотында жатуға тиiс болатын кезде жария етуге жатады.

Бұл ретте шетел валютасының тiзбесiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы айқындайды. Сонымен бірге, қарастырылған, субъектіні жария ету құқығы 5 жыл мерзім аяқталғанға дейін аударылған ақша сомасының шегiнде жария етiлетiн ақшаға билiк етуге құқылы.

1) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының еншiлес және тәуелдi ұйымдары акцияларының пакеттерiн бағалы қағаздар нарығына («Халықтық IPO») шығару бағдарламасы шеңберiндегi, сондай-ақ:

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздарын;
Қазақстан Республикасының ұлттық басқарушы холдингтерiнiң, ұлттық компанияларының, ұлттық даму институттарының, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң облигацияларын;

қазақстандық қор биржасында орналастырылатын өзге де бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру шеңберiндегi акцияларды қоса алғанда, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлiк қоғамының тобы ұйымдарының жекешелендiру объектiлерiн, активтерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатып алу арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияланған;

2) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерi, Ұлттық пошта операторы осындай сомадан алымды акцептiсiз алып қою жағдайы кезiнде жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының шегiнде жария етiлетiн ақшаға билiк етуге құқылы.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банкi, Ұлттық пошта операторы алымды акцептiсiз алып қойған күннен бастап оны келесi операциялық күннен кешiктiрмей бюджетке аударуға мiндеттi.

Салық Кодексінің 155 бабының 3 тармағаның 30 тармақшасына сәйкес, жеке тұлғаның жеке табыс салығы салынатын табысы ретінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жария етілген мүліктің құны, оның ішінде ақша қарастырылмайды.

Яғни, жария етілген мүліктің құны жеке табыс салығы салынатын жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды және көрсетілген тұлға салық декларациясын ұсынуға міндетті емес.

Айта кету керек, алдағы жалпылама мағлұмдаудың қарсаңында, қаражатты жария етуді қосымша мүмкіндік ретінде, үкіметпен мүлікті заңдастырылған айналымға өткізуге берілген мүмкіндік ретінде қабылдау қажет.

 

Шығыс-Қазақстан облысы бойынша

Мемлекеттік кірістер департаменті