Жарияланған күні: 29.05.2015 15:29
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

2015 жылы 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған 5 институттық реформаны жүйелі жүзеге асыру тұрғысында «100 нақты қадамы» жоспарымен танысты.

Описание: C:\Users\gbaykadamova\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Outlook\BKHENN70\DSC00303_LowRes.jpg«Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ш. Екибасова баянадама жасады. Ол «100 нақты қадам» - бұл жаңа тарихи жағдайларда дамыған 30 елдің қатарына енудің ұтымды жүйесі. Жаһандық тұрақсыздық пен ішкі сын-қатерлерден қаймықпай өтудің бағыт-бағдары, - деп атап өтті.

Описание: C:\Users\gbaykadamova\AppData\Local\Microsoft\Windows\Temporary Internet Files\Content.Outlook\BKHENN70\DSC00305_LowRes.jpgМемлекеттік кірістер департаментінде қараша айында өткен қайта құру жүргізілуіне сәйкес бүгінгі таңда кеден және салық жүйесінің сұрақтары Президент ұсынған 5 институттық реформалардың бірі болып қарастырылды.

Президент кеден саласында бірыңғай кеден тарифі мөлшерлемесі санын қысқартуды, экспорттаушылар мен импорттаушылар кедендік рәсімдерінен өту кезінде «Бір терезе» қағидатын енгізу, электронды декларациялау жүйесін дамыту, экспорт пен импорт және оларды өңдеу үшін құжаттар санын қысқарту, кеден және салық жүйелерін интеграциялау, «Постфактум» кедендік тазарту режимін енгізуді ұсынды.

Салық қызметі саласында мүлікті заңдастыруды жеңілдету, салықтық кіріс пен шығысты жалпы декларациялауды енгізу, салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің  орталық желісін құру, жанама салықтарды өндіру механизмдерін жетілдіру, қолданыстағы салық режимдерін оңтайландыру.

Осылайша, алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда экономикалық өсуге және өнеркәсіп саласын әртараптандыру, дағдарыстың қиын кезеңінен өтуге, бұнымен 2050 стратегиясын жақындатуға және мемлекетті нығайтуға болады.

Баяндама соңында «Нұр Отан» партиясына кірген Департамент қызметкерлеріне партия билеттері тапсырылды.