Жарияланған күні: 10.08.2015 15:25
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аудару  Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2004 жылғы 21 шілдедегі  №683 «Әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аудару ережесі туралы» (23.04.2015 ж. жағыдайы бойынша өзгерістері мен толықтырулары) (әрі қарай – Ереже) және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-II «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңымен (әрі қарай – Заң) жүргізіледі.

Көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдарға әлеуметтік аударымдарды  есептеу үшін объектісі оның алатын табысы  болып табылады.

Осылай, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі №405-II «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңының 1 бабының 4 тармағына сәйкес әлеуметтік аударымдарды  есептеу үшін объектісі оның алатын табысы болып табылады.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2004 жылғы 21 шілдедегі  №683 «Әлеуметтік аударымдарды есептеу мен аудару ережесі туралы» (әрі қарай – Ереже) , өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі оның алатын табысы  болып табылады.

Бұл, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар түсінігі Заңның 1 бабының 21 тармақшасы жағыдайымен  анықталған өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) – өздерiне табыс әкелетiн жұмыспен өздерiн қамтамасыз ететiн дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.

Салық кодексінің 427 бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында алынған (алынуға жататын), осы баптың 4-тармағында көрсетілген табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Сонымен бірге, Ереженің 4 тармағына сай, арнаулы салық режимiн қолданатын дара кәсіпкерлер үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн қолданылатын табыс мөлшері республикалық бюджет туралы  заңда белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс (әрі қарай -  ЕТЖМ), яғни  21364 тенгеден кем емес 2015 жылға.

Ереженің 2 тармағына сәйкес, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшiн төленетін әлеуметтік аударымдарды есептеу ай сайын жүргiзiледi. Әлеуметтік аударымдарды есептеу үшiн ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде алынады, яғни 213640 теңгеден аспайтын.

Осыдан, жеке кәсіпкер үшін, патент негізде немесе оңтайландырылған декларациялар арнайы салық режимін қоладанатын әлеуметтік аударымдар есептеу үшін объектісі оның алынған табысы болып табылады, бірақ та ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс және ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерiнен аспайтын мөлшерде, яғни  21364 тенгеден кем емес және 213640 тенгеден көп емес).

Сонымен қатар, Заңның 14 бабының 2 тармағына сәйкес, арнаулы салық режимi қолданылатын өзiн-өзi жұмыспен қамтыған адамдар үшiн олардың өз пайдасына төлейтiн әлеуметтiк аударымдарының мөлшерi 5 пайыз әлеуметтік аударымдар есептеу объектісінен, бірақ та ең төменгі жалақы мөлшерінен 5 пайыздан кем емес, республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген қаржы жылына сәйкес (1068 тенгеден кем емес 2015 жылға).

Заңда бұрын көрсетілген редакцияға сәйкес, 30.03.2015 жылға дейін норма жұмыс істеді – «Бұл ең жоғары мөлшерде әлеуметік аударым  өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар үшін  есептелген әлеуметтік салық сомасынан аспауы керек.

Қазақстан Республикасының 2015 жылдағы 17 наурыздағы №293-V «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 2003 жылдағы 25 сәуірдегі Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы Заңның бөлігінен нормаларын алып тастау, әлеуметтік салық есептелген ең жоғары мөлшерлі әлеуметтік аударымдарды шектеу қарастырылған (14 бап 2 тармақты). Заң 3015 жылдың 30 наурызынан күшіне енді.

Бірақ, ережеде көрсетілген норма алынып тасталмаған, Қазақстан Республикасының 1998 жылдағы 24 наурыздағы №213-I «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 6 статьиясының 1 тармағына сәйкес (29.12.2014 жылдағы жағыдайы бойынша өзгерістер мен толықтырулар), қарама-қайшылықтар болса, нормативтік актілер нормасында әр түрлі дәрежеде одан да жоғары тұрған акт нормасымен жұмыс жасалады, Сізге әлеуметтік аударым сомасын есептеу кезінде, Сізге Заңда көрсетілген нормаларды басшылыққа алу керек.