Жарияланған күні: 09.11.2015 17:38
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстанда 2017 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялауға көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатынын хабарлайды.
Жалпыға бірдей декларациялауға көшу - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту, және де азаматтар өмірінің нақты деңгейін көрсететін толық мәлімет алу болып табылады.

Бірінші кезеңде 2017 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер (қолданыстағы заңнамаға сәйкес декларация ұсыну міндеттемелері бар тұлғалармен), ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын тапсыруы жүзеге асырылатын болады. Келесі кезеңде, 2020 жылда, барлық жеке тұлғалар кірістері мен міндеттемелері декларациясын табыс етуге міндетті болады.

Декларацияны келесі тұлғалар ұсынуы қажет: Қазақстанның барлық кәмелетке толған азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар. Және де, мемлекеттік тіркеуге жататын жеке меншік құқығында мүліктері, банк шоттарында қаражаттары (160 ең төменгі еңбекақыдан немесе 3,4 млн. теңгеден жоғары) болған жағдайда немесе кез-келген кіріс (бюджеттен алынған кірістерден басқа) алған жағдайда кәмелетке толмаған тұлғалар мүліктерін жария етулері керек. Бұл жерде, аталған тұлғалар үшін декларация олардың заңды өкілдерімен ұсынылады. 

Бұдан басқа, тіркеуге жататын мүліктері және төлем көзінен салық ұсталмайтын кіріс көздері болған жағдайда мүліктерін және кірістерін шетелдік азаматтар (халықаралық келісім-шарттарға сәйкес босатылған тұлғалардан басқа) жариялаулары керек. 

Жалпыға бірдей декларациялау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады:

- бірінші жылы "активтері мен міндеттемелері туралы декларациясын" ("кіру" декларациясы) мүлік және жинақтары туралы өздерінің бастапқы мәліметтерін бекіту мақсатында жеке тұлғалар ұсынулары тиіс;

- әрі қарай жыл сайын жеке тұлғалар есеп кезеңі бойынша табыстары және мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті сатып алу және (немесе) сату туралы мәліметтері бар "Мүлік және табыстары туралы" декларациясын (жыл сайындық декларация) ұсынулары қажет. 

Сонымен бірге, белгіленген тұлғалар шеңберіне оңайлатылған нысанда қысқаша салық декларациясын (табыстар мен мүлік туралы қысқа декларация) ұсынуға мүмкіндік берілген.

Бұл жерде, декларацияда көрсетілетін негізгі мәліметтер тізімі жалпыға бірдей декларациялау мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасымен көзделген, ал декларация нысандары Заңнаманы қабылданғаннан кейін бекітілетін болады.

Осылайша, жалпыға бірдей декларациялауды енгізу жеке тұлғалармен өздерінің табыстары туралы ақпаратты фискалды органдардың назарына жеткізу механизмін тудыруға, және де, мемлекеттік кірістер органдарында жеке тұлғалардың қаражаттары мен шығындары туралы дерекқор құрастырылуына тікелей әсер етеді. Осының барлығы көлеңкелі экономикамен күресті жандандыруға ықпалын тигізетіні айдан анық.

 

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер

Департаментінің мемлекеттік

қызметтер көрсету Басқармасы