Жарияланған күні: 08.12.2015 16:55
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 645 бабының 1 тармағына сәйкес, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті  ережесі бар екендігін естеріңізге салады.

Осындай машиналарды орналастыру бойынша кейінге шегіндіру Салық кодексімен қарастырылмаған. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген салық төлеушілер деректерді тіркеу және беру функциясы бар БКМ 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап барлық сауда орындары мен бөлімшелерінде қолдануға міндетті.

Ақшалай есеп айырысу туралы деректер ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жедел тәртіпте берілу қажет. Бұл деректер мемлекеттік кірістер органдарымен пайдаланылады. Сонымен бірге фискалды деректердің операторы («Қазақтелеком» АҚ болып белгіленді) салық төлеушілерден есеп айырысу туралы мәліметтерді қабылдайды, оны өзінің электронды жеткізушілерінде сақтайды.

 Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналары жұмысының қағидаты:

- Кәсіпкермен тауар үшін алынған ақша сомасы БКМ енгізіледі;

- БКМ алынған деректер онлайн режимде Оператор серверіне жолданады, ол жерде қалыптасқан бақылау түбіртегіне бірегей нөмір беріледі, содан кейін бақылау түбіртегі басылып шығарылады және сатып алушыға беріледі.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде, қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар үшін деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану бойынша міндеті нормасы 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асырылатынын мәлімет ретінде жеткіземіз.

Сондықтан, салық төлеушілерге жаңа БКМ орнату міндеттілігін ескертеміз және барлық қызықтырған сұрақтар мен кеңестер алу үшін кәсіпкерлер тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларына баруларына болады.

Сонымен қатар, Оператордың порталында www.oofd.kz барлық қажетті ақпараттар мен байланыс-орталығы телефоны 590051 (ҚР бойынша ақысыз сөйлесу) орналастырылған.

Қазақстан Республикасында БКМ эксплуатациялау жаңа принциптері салық органдарына шұғыл түрде салық қылмыстық әрекеттерін және  қолма-қол ақшамен заңсыз операциялар жүргізуін анықтауға, салықтар мен төлемдерінің бюджетке түсуінің өсуіне, сонымен қатар тұтынушылар құқығын қорғауға мүмкіндік береді.

ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы