Жарияланған күні: 08.12.2015 16:51
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының аумақтық бөлімшесі (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы келесідей мемлекеттік қызмет алу мүмкіндігі бар екенін хабарлайды.         

1

Дара кәсіпкерді тіркеу есебі

Жеке тұлға

ақылы

Электронды/қағаз түрінде

2

Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың тіркеу

Жеке тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

3

Салық төлеушілерді тіркеу

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

4

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

5

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

6

Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

7

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Жеке және заңды тұлға

ақылы

Электронды/қағаз түрінде

8

Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада сату жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада сатуға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру

Жеке және заңды тұлға

ақылы

Электронды/қағаз түрінде

9

Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмелер беру

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

10

Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомалары туралы анықтама беру

Жеке және заңды тұлға

тегін

Қағаз түрінде

11

Салық резиденттігін растау

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

12

Салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау)

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

13

Салық есептілігін қабылдау

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

14

Салық есептілігін керi қайтарып алу

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

15

Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

16

Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

17

Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі

Жеке және заңды тұлға

тегін

Қағаз түрінде

18

Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау

Жеке және заңды тұлға

тегін

Электронды/қағаз түрінде

19

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінен және (немесе) олардың аумақтық бөлімшелерінен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Жеке және заңды тұлға

ақылы

Қағаз түрінде

 

Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, ХҚКО: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

     ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы