Жарияланған күні: 02.12.2015 11:03
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті http://vko.kgd.gov.kz/ мультисайтингінде «Сұрақтар-жауаптар» сервисі ашылғаны туралы хабарлайды.

 «Сұрақ-жауап» сервисі онлайн режимінде сұрақтар қабылдауға арналған.

Сіз, өзіңізді қызықтырған салық нормасы мен кеден заңдылықтарын түсіндіру бойынша департамент мамандарына сұрақтар қоя аласыз және өз электрондық мекен-жайыңызға білікті жауап ала аласыз. Енді Мемлекеттік кірістер органына кеңес алу үшін келу, жазбаша түрде сұрау хат жолдауға міндетті емес.

 Сіздерге сұрақтарыңызға жауап алуды тездету үшін,  сұрақтың мәнін анық және жинақы баяндауды сұраймыз. Сұрақ қоймас бұрын, жауабын «Сұрақ-жауап» сервисінен іздеу тиіс. Онда Сізді қызықтырған сұраққа жауап мазмұны бар болуы мүмкін, және Сіз қажетті ақпаратты жеңіл аласыз.

 «Сұрақ-жауап» сервисін қолдану үшін Сізге келісім қабылдау қажет. Келісім мәтіні қоса беріледі онда, сервисте.

Сұрақ қою үшін толтырылуы тиіс:

·              Сіздің аты- жөніңіз

·              Сіздің жеке email

·              Сұрақтың мәтіні

Бұл мәліметтерді толтырмайынша Сіздің сұрағыңыз қабылданбайды.

Қаралмайтын сұрақтар:

·        Мәдинетсіз сөлемдері бар

·         Оқылмайтын мәтіні бар және түсініксіз қысқартылған

·        Тұлға құзырына жатпайтын мәселесі көрсетілген бағытталған сұрақтар.

·        Жариялау алдында өтініш модерацияға ұшырауы мүмкін этикет нормасы мен дұрыс жазылу ережесі сәйкестігіне.

ШҚО бойынша МКД Түсіндіру жұмыс басқармасы