Жарияланған күні: 24.11.2015 17:41
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

ҚР ҚМ МКК мен «Қазақтелеком» АҚ 2015 жылғы 12 қазанда бекітілген ақшалай есептесу туралы деректерді беру мен тіркеу функциясымен бақылау-кассалық машиналарын қолданудың жаңа тәртібін енгізу бойынша Жобаны жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-шаралар Жоспарын орындау барысында, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен қараша айында ШҚО-ның барлық жерлерінде бұқаралық ақпараттар құралдарының қатысуымен КРО, «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен бірлесе отырып ТДО порталына қосылу тәртібін түсіндіру бойынша семинарлар ұйымдастырылып, жүргізілуде. Мысалы, бекітілген кестеге сәйкес Ұлан, Глубокий, Зырян қ.-Зырян ауданы, Риддер қ. бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ғимараттарында Риддер қ., Глубокий, Ұлан, Зырян аудандарының аумағында алкоголь, дизельдік отын, бензинді көтерме және бөлшектеп сатумен айналысатын орта және шағын бизнес субъектілерінің салық төлеушілерімен кезекті семинар-кеңесі өткізілді.                                                            Семинарлар жұмысына сонымен бірге бұқаралық ақпараттар құралдары, қоғамдық және кәсіпорын ұйымдары қатысты.                         ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлімшелерінің басшыларымен 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап деректерді беру (немесе) және ақшалай есептесу арқылы  сауда операцияларын тіркеу функциясымен бақылау-кассалық машиналарын қолдануы кезінде, жалпы қолданатын  телекоммуникация желілері жоқ жерлерде қызмет жасайтын салық төлеушілерден басқа, алкоголь өнімдері, дизель отыны, (авиациялықтан басқа) бензинді бөлшектеп және (немесе) көтерме сатумен айналысатын салық төлеушілердің міндеттеріне қатысты заңнама нормалары түсіндірілді.  Сонымен қатар, тіркеу тәртібі, деректерді беру (немесе) және тіркеу функциясымен БКМ жұмысының негізгі принципі жарияланды. Салық заңнамасымен бекітілген БКМ қолдану тәртібін бұзғандығы үшін, сонымен қатар, ҚР аумағында ақшалай есептесуді жүзеге асыру кезінде БКМ қолданбаудың «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес әкімшілік жауаптылығы туралы айтылды.

         Қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін деректерді беру (немесе) және тіркеу функциясымен БКМ қолданудың 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізу туралы ҚР Үкіметімен бекітілген нормасы салық төлеушілердің назарына жеткізілді.                  Сонымен бірге, келешекте әкімшілік санкцияларды болдырмау үшін жаңа БКМ ауысу қажеттілігі туралы және деректерді берудің функцияларымен жаңа БКМ қолданудың оң жақтары мен әлеуметтік бағыттарына салық төлеушілердің назарын айрықша аударды. Сонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ өкілдері өз сөздерінде «Алтел» технологиясы бойынша жабылу аймағын енгізу мақсатында жұмыстарды енгізу, ТДО порталында клиенттерді тіркеу бойынша, деректерді беру мен тіркеу функциясымен БКМ жұмысында қолданудың техникалық мәселелері жариялады.  Деректерді беру және тіркеу функциясымен БКМ күйге келтіру мен техникалық қызмет жасау бойынша ұсынылатын қызметтер туралы КРО өкілдері сөз сөйледі.

         Семинарларда салық төлеушілермен 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап БКМ жаңа түрін қолдануға міндетті салық төлеушілер үшін жекелеген қызмет түрлерінің болатын Тізімі бойынша, POS-терминалдар, жаңа БКМ қолдану мәселелері туралы, сонымен қатар, семинарлар барысында КРО өкілдері жауап берген жаңа БКМ құнына және олардың тізіміне қатысты сұрақтар қойылды. «Қазақтелеком» АҚ өкілдеріне тарифтер мен абоненттерге қызмет көрсету тәртібі бойынша да сұрақтар қойылды.           ШҚО бойынша МКД құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қойылған қосымша басқа да сұрақтарға толық көлемде жауап берілді.

Сонымен бірге, семинарларда ШҚО бойынша МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының бөлім басшысымен қосымша ХҚКО арқылы ҰКО кілттерін алу, тіркеу тәртібі туралы және ақпараттық жүйенің қызметі туралы, электрондық шот-фактураларды енгізудің артықшылығы бойынша, сонымен бірге, «Ұлт жоспары»- 100 нақты қадам» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы әзірленген заң жобаларына сәйкес мүлікті жариялау бойынша, жеке тұлғалардың мүліктері мен кірістерін мағлұмдау мәселелері бойынша, салық заңнамасында ұсынылған негізгі толықтырулар мен өзгертулер жарияланды.

                                  ШКО бойынша МКД түсіндіру жұмыс басқармасы