Жарияланған күні: 15.05.2015 18:46
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

2015 жылы 14 мамырда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен «Қазақтелеком» АҚ, шағын және орта бизнестегі жұмысшылар Кәсіподақ Төрағасының қатысуымен семинар-жиыны өткізілді.

Семинар барысында салық төлеушілерге салық заңдылығының нормаларының  2015 жылдың 1 қаңтарынан салық заңдылығының өзгеруіне байланысты жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның есептелуі мен төлену тәртібі түсіндірілді; есеп айырысу жүргізу кезінде БКМ қолдану тәртібі бойынша POS-терминалға қатысты төлем карточкасын қолдану; 2015 жылғы 1 шілдеден бастап салық төлеушілердің міндеттері бойынша қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға түсіндірілді.

Департаменттің құрылым асты басшылары өз мәлімдемелерінде қатысушылардың назарын салық заңдылығының нормаларын қадағалауға, жыл сайын лицензиялық алымды төлеу тек жұмыс жасап тұрған салық төлеушілерге ғана емес, сонымен қоса уақытша қызметі тоқтатылған салық төлеушілердің, сондай ақ  алкогольдік өнімге лицензиясы бар таратылған салық төлеушілерге төлеу қажеттілігі туралы, әсіресе әкімшілік жауапкершілікке, жылсайынғы лицензиялық алымды көрсетілген мерзімде төлемеген жағдайда, сонымен қоса лицензияны тапсыру мерзімінің бұзылуына ерекше назар бөлінді.

Одан басқа, салық төлеушілерге БКМ міндетті қолдану туралы есеп айырысу  POS-терминалға қатысты төлем карточкасын қолдануды, сондай ақ  салық төлеушілердің табысының көрсетілу тәртібін түсіндірілді. Қатысушыларға қолма – қол ақша есебін жүргізу тәртібі бойынша сауалдар қаралып жатқандығы туралы ақпараттандырылды.

Осыдан, салық төлеушілер 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы сауда операциялары кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті екендіктерінен ақпарат алды. Сондай ақ, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналар тізімі  бекітілгеннен кейін ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің сайтында жарияланатындығы айтылған. Сонымен бірге, ҚР Салық кодексімен бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін және басқа да қызмет түрлері бойынша көтерме және (немесе) бөлшек саудада өткiзудi жүзеге асыратын салық төлеуші ақшалай есеп айырысулар арқылы БКМ қолдануға бөлінуі қарастырылмағандығы  көрсетілген. Олай болса, салық төлеушілермен деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы жоқ бақылау-касса машиналар қолдану арқылы жоғарыда қарастырылған қызмет түрін жүзеге асыру заңсыз.

«Қазахтелеком» АҚ өкілдерімен деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналар фискалдық деректер операторларына қосу тәртібі бойынша слайдтар көрсетілді, оперативтік режимде есеп айырысу туралы салық органы қызметіне ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi бойынша мәліметті беруді қамтамасыз ету, сондай ақ бекітілген тарифтер мен абоненттік қызмет көрсету тәртібі туралы өткізілді.