Жарияланған күні: 24.11.2015 15:17
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

2015 жылы 17 қарашада ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Консультативтік кеңестің қорытынды отырысы өтті. 

Консультативтік кеңестің отырысын ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Сагитов ашты және күн тәртібімен таныстырды.

ШҚО бойынша МКД тауарларды жеткізуді бақылау бөлімінің басшысы М.Жаникенов кедендік транзит кеден рәсімі бойынша тасымалданатын тауарларды реттемелейтін құжаттарға қатысты 2015 жылғы жойылған және қызметке енгізілген нормативті актілермен таныстырды.

«М-Партнер» ЖШС директоры Нұржан Саржановтың сұрағына жауап берді.

Отырыс барысында Қазақстан Республикасының аумағында ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру және оны жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы талқыланды. Кедендік бақылау басқармасының қызметкері А. Мусин жаңадан енгізілген өзгерістерді таныстырды, сондай-ақ, ШҚО кәсіпкерлер қызметкерлері кәсіподағы заң бөлімінің бастығы В.П. Скачконың сұрағына жауап берді.

Одан әрі шекарадағы «Бақты» және «Майқапшағай» кеден бекеттеріндегі кедендік тазарту бойынша қойылған сұрақтарға ШҚО бойынша МКД кедендік ресімдеу басқармасының басшысы Е. Буткенов жауап берді.

Консультативтік кеңес отырысына ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының директоры Игорь Щацкий белсенді қатысты.

ШҚО Кәсіпкерлер Палатасынан келіп түскен сұраққа мәліметтің берілуі онлайн қызметімен БКМ орнатпағаны үшін интернет - қосылуы жоқ елді-мекен пункттерінде бизнес субъектілерін әкімшілік жауапкершілікке тартпау мүмкіндігін қарастыру бойынша №3 камералдық бақылау бөлімінің басшысы М. Уәлиханов, «Қазақтелеком» АҚ заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша орталығының бастығы міндетін атқарушы Д. Нұртаев жауап қайтарды.

Сондай-ақ, кеңестің мүшелері және ірі салық төлеушілер, СЭҚҚ-мен тіркеу орны бойынша болуы расталмаған жағдайда кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің шоттарына тыйым салу, сондай-ақ, осы сұрақ бойынша тексеру кезеңдері, жалған кәсіпкерлік фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқандарға қатысты. яғни күмәнді өнеркәсіптерге қатысты (тізімдер) туралы ақпарат туралы өзекті мәселелерді талқылады.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Сагитов өткізілген отырысты қорытындылап, барлық қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді.

 

 

 

ШҚО бойынша МКД

Түсіндіру жұмысы басқармасы

Кеден заңнамасын түсіндіру бөлімінің

басшысы Г. Байқадамова