Жарияланған күні: 02.12.2015 09:48
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Салық төлеушілер

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.

Келесі тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды:

1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбеге енгізілген ауыл шаруашылығы техникасы бойынша;

2) салық салынатын табысына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалығының басшысы және (немесе) мүшелері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қажеттілік нормативтері шегінде жеңіл және жүк көлік құралдары бойынша;

3) мемлекеттік мекемелер;

4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;

6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.

Осы тармақтың бірінші бөлігі 1) және 2) тармақшаларының ережелері осындай көлік құралдарын пайдалануға, сенімгерлік басқаруға немесе жалға беру жағдайларына қолданылмайды.

Осы баптың 3-тармағының 4) - 6) тармақшаларында көзделген норма, егер мұндай автокөлік құралдары 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін уәкілетті органда тіркелген (қайта тіркелген), қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер болып табылса, осы тармақшаларда аталған адамдарға қатысты қолданылмайды.

Салық салу объектілері

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.

Салық салу объектiлерi болып табылмайды:

1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары;

3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектiлерi болып табылмайды.

Салық төлеу мерзімдері

Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.

Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.

Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.

Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенімхат негiзiнде сенім бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

Салық мөлшерлемелері

Рет

Салық салу объектiсi

Салық мөлшерлемесі

(айлық есептiк көрсеткiш)

1

2

3

1.

 

Двигателiнiң көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.):

 

1100-ге дейiн қоса алғанда

1

1100-ден жоғары 1500-дi қоса алғанда

2

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

3

2000-нан жоғары 2500-дi қоса алғанда

6

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

9

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

15

4000-нан жоғары

117

2.

Жүк көтергiштiгi мынадай жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):

 

1 тоннаға дейiн қоса алғанда

3

1 тоннадан жоғары  1,5 тоннаны қоса алғанда

5

1,5 тоннадан жоғары  5 тоннаны қоса алғанда

7

5 тоннадан жоғары

9

3.

Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдері, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған  басқа да автокөлік құралдары

3

4.

Автобустар:

 

отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда

9

отыратын 12-ден жоғары 25 орынды қоса алғанда

14

отыратын 25 орыннан жоғары

20

5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер, двигателiнiң қуаты:

 

55 кВт-ға дейiн қоса алғанда

1

55 кВт-дан асатын

10

6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигателiнiң қуаты мынадай ат күшiне тең):

 

160-қа дейiн қоса алғанда

6

160-тан жоғары 500-дi қоса алғанда

18

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

32

1000-нан жоғары

55

7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң

4 пайызы

8.

Мыналар:

кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн;

магистральдық, станциялық және тар табанды және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;

өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң

1 пайызы

Тар табанды және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары

көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң

1 пайызы

 Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:

 Р/с

Салық салу объектісі

Салық мөлшерлемесі

(айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Қозғалтқышының көлемі мынадай жеңіл автомобильдер (текше см.):

 

3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда

35

3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда

46

3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда

66

4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда

130

5 000-нан жоғары

200

 

 

Салық кодекстiң мақсаттары үшiн:

1) жеңiл автомобильдерге:

В санатындағы (ВЕ, В1 қоса алғандағы) автомобильдер;

жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (автомобиль-пикаптар);

рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып түсетін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсызбен жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;

2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады;

3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған, арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;

4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1 қоса алғандағы) автомобильдер жатады.

Жеңiл автомобильдердiң үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 1500-ден жоғары 2000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, алты айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары 2500 текше сантиметрдi қоса алғандағы, тоғыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3000-нан жоғары 4000 текше сантиметрдi қоса алғандағы, жүз он жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4000 текше сантиметрден жоғары көлемде болған кезде салық сомасы двигатель көлемiнің тиісті төменгі шегінен асып түскен әрбір бірлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.

Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген жеңіл автомобильдердің қозғалтқыш көлемі үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 1 500-ден жоғары 2 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 000-нан жоғары 2 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 2 500-ден жоғары 3 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда текше сантиметр, қырық алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда текше сантиметр, алпыс алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда алғанда текше сантиметр, жүз отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда текше сантиметр, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерлемесі бойынша салық салынатын 5 000-нан жоғары текше сантиметр болған кезде қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен асқан әрбір бірлікке салық сомасы 7 теңгеге ұлғайтылады.

Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді әкелу күні оларды бастапқы мемлекеттік тіркеу күні болып есептеледi.

Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқауда) көрсетiлген шығарылған жылы негiзге алына отырып есептеледi.

Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқауда көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқауда) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.

ШҚО МКД  Түсіндіру жұмыс басқармасы