Жарияланған күні: 16.11.2015 12:31
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Кеден одағы Кеден кодексінің 152-бабы 1-тармағына сәйкес кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізуде егер, осы Кодексте басқаша қарастырылмаса, кеден одағы мүше мемлекеттерінің халықаралық шарттарына сәйкес шығарылған кеден одағы мүше мемлекетттерінің халықаралық шартпен, Кеден одағының Комиссиясы шешімдері және Кеден одағы мүше мемлекеттерінің нормативті-құқықтық актілерімен тыйымдар мен шектеулерді қадағалау жүзеге асырылады.

2015 жылы 28 мамырда Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің Шешіміне өзгерістер енгізу туралы» №27 шешіміне «Кеден одағының техникалық регламентін қабылдау туралы» 2011 жылғы 9 желтоқсандағы «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» №877 шешімі негізінде әкелінетін автокөлік құралдарын есепке алу және әкімшілендіру тетігі жасалынды. Осы Шешімге сәйкес Беларусь Республикасында және Ресей Федерациясында берілген N3, О3 және О4 санатындағы көлік құралдарының түрі ұлттық заңнамаға сәйкес (ТР ТС 018/2011) «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының Техникалық регламенті күшіне енгенге дейін Қазақстан Республикасы аумағында оның мерзім әрекеті аяқталғанға дейін тікелей әрекет етеді, бірақ 2016 жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылған көлік құралдарының саны №27 Шешімге сәйкес N3 санаты үшін аспауы керек (техникалық рұқсат етілген ең жоғары масса 12 т. артық жүктерді тасымалдау үшін тағайындалған көлік құралдары) – 2100 дана, О3 санаты үшін (техникалық рұқсат етілген ең жоғары масса 3,5 тоннадан асатын, бірақ 10 т. артық емес тіркеме) және О4 (техникалық рұқсат етілген ең жоғары масса 10 тоннадан асатын).

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 22.09.2015ж. №28-01-28-5/3504 түсіндіруіне сәйкес осы шаралар отандық халықаралық автомобильдер тасымалдалдайтын операторларды қолдау үшін қоллданылды, 28.05.2015ж. №27 Шешім тек қана жүктерді халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыруда қолданылатын көлік құралдары үшін қолданылатынын атап өту қажет.

Әкелінетін автокөлік құралдарын есепке алу және әкімшілендіруде қалыптасқан механизмге сәйкес жеке және заңды тұлғалар ҚР аумағына көлік құралдарын әкелуде 28.05.2015ж. №27 Шешім негізінде халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыруда осы тұлғаға рұқсат беру туралы растайтын хатты алу үшін ҚР ИДМ Көлік комитетіне өтініш білдіру керек.

ҚР ИДМ Көлік комитетінен растайтын хатты алғаннан кейін тұлға көлік құралының түрі мақұлданған көшірмемен автокөлік құралын кедендік тазартудан өткізу үшін мемлекеттік кірістер органдарына, одан кейін мемлекеттік тіркеуден өту үшін әкімшілік полиция органдарына жүгінеді.