Жарияланған күні: 17.11.2015 15:58
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы " Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 13 наурыздағы № 133 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 06 қарашадағы № 887 Қаулысымен өзгерiстер енгiзілді:

1.көрсетілген қаулымен бекітілген, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерінде:

1 рет санды жол, келесі басылымда мазмұндалсын:

«

1.

Өндірушілердің өздері өндірген бензинді (авиациялық бензинді оспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі

10 500

540

 

»;

3 рет санды жол, келесі басылымда мазмұндалсын:

 «

3.

Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі, өздерінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы

11 000

600

»;

6 рет санды жол, келесі басылымда мазмұндалсын:

«

6.

Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру

10 500

540

».

2.Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2015 ж. 14 қарашада жарияланған «Казахстанская правда» газеті №219 (28095).