Жарияланған күні: 05.11.2015 09:52
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Фильтрлi сигареттерге ең төмен бөлшек баға белгiлеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 4 сәуiрдегi № 260 қаулысына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 12 қазандағы № 822 Қаулысымен өзгерiстер енгiзілді:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. 20 (жиырма) фильтрлі сигареттерге:

1) 2015 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін екі жүз жиырма теңге мөлшерінде;

2) 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап екі жүз қырық теңге мөлшерінде ең төмен бөлшек баға белгіленсін».