Жарияланған күні: 11.08.2015 18:34
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді.

Салық төлеуші тіркеу есебіне қою үшін салық төлеушінің орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына келу тәртібімен қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш береді.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтінішті табыс ету салық төлеушінің хабарламаларды кепілдікті жеткізілуін қамтамасыз ететін ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттар алмасуға, оның ішінде Салық кодексте көзделген салық органдарының хабарламаларын алуға берген келісімі болып табылады.

Салық органы электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне алу туралы салықтық өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғыза отырып, электрондық цифрлық қолтаңбасын береді.

Салық төлеушi электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе оны ауыстыру үшiн орналасқан немесе тұрғылықты жерi бойынша салық органына электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге:

1) электрондық цифрлы қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешiм қабылдаған;

2) тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi аяқталған;

3) электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жоғалған;

4) кiлтi бар контейнерлi электронды ақпарат жеткiзгiш жұмыс iстемейтiндей болып бүлiнген жағдайларда құқылы.

Электрондық цифрлы қолтаңбаны жою салық төлеушiнiң салық органымен осы бапта белгiленген жағдайларда хабарламаның кепiлдi жеткiзiлуiн қамтамасыз ететiн ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша беру арқылы электрондық құжаттармен алмасу құқығын тоқтатады.

Салық органы электрондық цифрлы қолтаңбаны жоюды немесе ауыстыруды электрондық цифрлы қолтаңбадан тұратын кiлтi бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшiн электрондық салық төлеушiнiң тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш берiлген күннен бастап бір жұмыс күнiнен кешiктiрмей жүргiзедi.

Осылайша, электрондық салық төлеушілерде:

1.Электронды түрде салық декларацияларын табыс етуге;

2.Салық есептілігі нысандарының өңдеу күйін көру;

3.Бұрын табыс етiлген салық есептілік нысандарын іздеу және көру;

4.Салық есептілігін қабылдау туралы хабарламаны алу;

5.Жеке тіркеу деректерін қарау;

6.Шот мәртебесін қарау, сондай-ақ бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы үзiндi алу;

7.Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есепке жатқызу мен қайтаруды жүзеге асыруға өтініш жіберу;

8.Салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары мен  әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi алу үшін өтініш жіберу;

9.Салық міндеттемесінің орындалуы бойынша электронды түрде хабарлама алу;

10. Ғаламтор (интернет) арқылы салықтарды төлеу мүмкіндігі бар.