Жарияланған күні: 03.06.2015 18:32
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда айрықша өзекті және әлеуметтік маңызды  мәселелер, азаматтық қоғамды дамыту мәнмәтінінен мемлекеттік қызмет көрсету сапасымен, мемлекеттік билік органдары қызметінің тиімділігін жоғарлатуға байланысты болып отыр.

Қазақстанда жүзеге асатын мемлекеттік қызмет көрсету саясаты, мемлекеттік органдармен қатынас кезінде азаматтарды барынша жоғары деңгейде қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі таңда Қазақстан экономикасы үшін шағын және орта бизнесті дамытудың үлкен маңызы бар. Бұл саланың маңызды міндеті- бизнес пен тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік органдардың өз қызметтерінде есеп берушілігі мен айқындығын жоғарлату. Аталаған мәселелер мемлекеттік кірістер органдарының қызметіндегі ең басты артықшылық болып табылады.

Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер органдары мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлатуға, клиенттік бағдарға екпін түсіре отырып салық төлеушілерге қызмет көрсету тәсілдерін өзгертуге және жалпылау салық қызметінің бейнесін өзгертуге талпынуда.

Мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін қолайлы жағдай туғызуға, бизнестің барлық топтарына қол жетімділікті қаматамасыз етуге үлкен назар аударылуда, олар:

- өз міндеттерін орындау кезінде кәсіпкерлердің барынша шығындарын азайту;

- мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін барынша оңайлату;

- өзекті мәселелер бойынша қызмет алушыларды уақытылы және толық ақпараттандыру.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары жеке және заңды тұлғаларға 52 мемлекеттрік қызмет түрін көрсетеді. 2014 жылы Шығыс Қазақстанның қызмет түрлерін алушыларға 1 277 633 қызмет көрсетілген.

ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер органдарымен мемлекеттік қызмет түрлерін алу кезінде қызмет түрлерін алушылар үшін жағдайды жақсарту үшін, жүйелі түрде АҚжӨО жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы,  салық төлеушілерге қызмет көрсету процессін ұйымдастыру және салық төлеушілер үшін жайлы жағдай жасау үшін 2013-2014 жылдары Семей және Өскемен қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер басқарамаларының Ақпарттарды қабылдау және өңдеу орталықтарында Қазақстан Респуликасының Мемлекеттік кірістер комитетінің Ахуалдық орталығына қосылған кезекпен басқару электронды жүйесін (ЭЖКБ) орналастыру бойынша шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда КБЭЖ функционалы мен Ахуалдық орталығы жедел тәртіпте Орталықтарда бар кезекті қарап, бақылауға қолайсыз сервис туралы бағалауды  дер кезінде ескеруге мүмкіндік жасайды (қызмет түрін алғаннан кейін қызметкерлердің терезеде орналастырған планшеттегі қызмет түрлерін алушымен қойылған «жаман» белгісі), жұмысбастылығына байланысты бағыттар бойынша қызметкерлерді  бөледі, қызметкерлердің рейтингін анықтайды және т.б.

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасына бақылау жасау мақсатында, бейне бақылау жүйесі арқылы Орталықтар жұмысына талдау жүргізіледі.

Облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының қызметіне қызмет түрлерін алушыларға рұқсат еркіндігін қолдайтын, желілік инфрақұрылым дамуда. Мысалы, облыстағы мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық басқармаларында 88 салық төлеуші Терминалы, сол іспеттес Терминалдар 43 ауылдық округтерде орналастырылған, бұрынғы алыстағы аудан орталықтарында ХҚКО бөлімшелері жұмыстар жасайды.

2014 жылдың 29 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіткен №1012 қаулысының  2014-2015 жылдарға Қазақстан Республикасында құрылымдық реформаларды жүзеге асыру бойынша Жол картасына сәйкес, баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету «Халыққа қызмет көрсету орталығы» (ХҚКО) Республикалық мемлекеттік кәсіпорынының аумақтық бөлімшелеріне беру кезең-кезеңімен жүргізілуде.

Бірінші кезеңде, 2014 жылы ХҚКО 7 қызмет түрі берілді, бұл салықтық берешектің жоқтығы (барлығы) туралы, алкоголь өнімдері, этил спирті, темекі өнімдерін бөлшектеп және көтерме сату, өндіруге лицензия беру, әкімшілік қызметін жүзеге асыру құқығына ие тұлғаларды тіркеу және оларды шығару туралы анықтамалар.

Ағымдағы жылдың 20 мамырынан бастап ХҚКО қызметтің 5 түрі берілді, бұл ҚР ҚМ құрылымдық бөлімшелерінен келетін, ресми құжаттарды апостылау және салық салуға байланысты объектілер мен (немесе) салық салынатын объектілердің орналастыру жері бойынша тіркеу, айыпұлдар, өсімпұлдар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, төленген салық сомаларын қайтару және есептеу, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импортерлар) жеке сәйкестендіру нөмірлерін беру, салықтық есептілігін кері қайтарып алу.

Қосымша 2015 жылдың 01 маусымынан ХҚКО тағы да қызметтің 5 түрі беріледі, бұл жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, авокаттарды, кәсіби медиаторларды тіркеу, патенттерді беру, салықтық есептілікті қабылдау және салықтық есептілікті тапсыру (ұзарту, қайта жаңарту) тоқтата тұруды тіркеу.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының дамыту және инвестициялар бойынша Министрліктің ақпараттар және ақпараттандыру, байланыс Комитетінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі бірлескен №220 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 12 мамырынан Өскемен қаласы бойынша МКБ ақпараттарды қабылдау және беру Орталығының жұмысы сынамалы жоба бойынша ұйымдастырылған яғни, салықтық өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру ШҚО бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының қызметкерлері жүзеге асырады.

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтер баламасыз негізде ХҚКО беру жоспарлануда, бұл қызмет түрлерін алушылармен мемлекеттік кірістер органдарының тікелей байланысын болғызбайды, сыбайлас жемқорлық қауіпін төмендетеді және сонымен қатар, қызмет түрлерін алушылар үшін қолайлылықты қамтамасыз етеді, өйткені  ХҚКО  қызмет түрлері «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асады.

Көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын жоғарлату мақсатындағы басты бағыттардың бірі барлық қызметтерді электронды үлгіге аудару болып табылады, сонымен қатар, электрондық қызмет пен сервисті дамыту болып отыр. Электронды қызмет түрлері қызмет көрсету барысында байланыстарлы ықшамдауға, міндеттемелерді орындауды жеңілдетіп, оларды алуға арналған уақытты және шығынды азайтады. Сонымен бірге, электронды қызметті кеңседен немесе үйден шықпай-ақ онлайн режимде тәуліктің кез-келген уақытында алуға болады.

«Электронды үкімет» порталында жеке кәсіпкерлерді, жеке нотариустарды, жеке сот орындаушыларын, адвокаттарды, кәсіби медиаторлар ретінде онлайн-тіркеу және патентті беру қызметтері іске қосылған. Соның өзінде электронды түрде жүгінген жағдайда тіркеу рәсімі оңайлатылған, жекелеп алғанда Салық кодексінде қарастырылған және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңындағы құжаттар ұсынылмайды.

Электронды түрде тұрғындарға ұсынылатын талап етілген және кеңінен таралған салық қызметінің бірі - on-line режимінде салықтарды төлеу. Салықтық міндеттіліктің  мерзімінің келгендігі туралы ұялы телефондарға смс-жіберілімдер арқылы ескертулер, салық төлеушілердің ИТСН/БСН барлығы туралы мәліметтерді алу бойынша қызметтер жүзеге асырылған және т.б.

Электронды салық төлеуші болу үшін не істеу қажет?

Тіркеу үдерісі қарапайым, бұл үшін салық төлеуші өзі келу арқылы немесе электронды түрде мемлекеттік кірістер органына орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беру қажет.

Электронды түрде қызметті мемлекеттік кірістер органында алынған электронды сандық қолтаңба бойынша немесе «Электронды үкімет» порталы бойынша алынған ҚР Ұлттық куәландыру орталғы  ЭСҚ  алуға болады. ҰКО ЭСҚ алу үшін тек қана онлайн-өтінімді толтыру  қажет және жақын жерде орналасқан ХҚКО бару қажет (өтінімді беру дерегін растау үшін).

Жүгінімдердің статистикасы қазіргі кезде электронды салықтық қызметтердің танымалдығын көрсетеді. Мысалы, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер органы 2014 жылы электронды түрде қызметтің жалпы санынан 1 095 226  немесе 85,7% көрсетілген, 2015 жылдың 1 тоқсаны бойынша электронды түрде 86,5% қызмет түрі көретілді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарымен қызмет түрлерін алушылар тарапынан заңнаманы бұзушылықтың алдын-алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олармен кедендік және салықтық міндеттілікті орындау үшін қолайлы жағдай туғызылуда. Мысалы,  қызмет түрлерін алушыларға қажетті ақпараттарды БАҚ мен ШҚО бойынша МКД және ҚР ҚМ МКК сайтына орналастыру арқылы кедендік және салықтық міндеттілікті орындау мәселелерін бизнесте және азаматтардың саналылығын жоғарлатуға бағытталған әр түрлі іс-шаралар «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!», «Үздік салық төлеуші», «Үздік ІЭҚ қатысушысы» конкурстары ұйымдастырылып, жүргізілуде.

Қызмет көрсетудің кемшіліктерін жою және тез әрекет жасау мүмкіндігі үшін, мемлекеттік кірістер органдарымен қызмет түрлерін алушылармен кері байланыс қамтамасыз етіледі, дәлірек айтқанда КБЭЖ бағалау модулінің деректерін бақылау және жыл сайынғы қоғамның ой-пікірін бақылау нәтижелеріне  талдау жүргізіледі.

Сөз соңында, мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін қолайлы жағдайлар туғызуға, бизнес пен барлық бұқара топтарына жетімділікті қамтамасыз етуге, сонымен қатар, салықтық және кедендік міндеттемелерді орындауға көп көңіл аударылады.

 

                            ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті