Жарияланған күні: 30.10.2015 16:59
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Қазақстан Республикасының  жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығына арналған жерлерге «Жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық ставкаларын көтеру туралы» Өскемен қалалық мәслихатының шешім жобасын және реттеуші ықпалын талдау нәтижелерін қоғамдық талқылау 2015 жылғы 12 қарашада, сағат 10.00-де Пермитин көшесіндегі, 17 Өскемен қаласы әкімі аппаратында жүргізіледі.

«Жер салығының базалық ставкаларын және бірыңғай жер салығының ставкаларын көтеру туралы»  шешім жобасы:

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің 387-бабы-ның 1-1тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Өскемен қаласы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауылшаруашылығына арналған жерлерге Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 378-бабымен белгіленген жер салығының ставкалары және Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 444-бабымен белгіленген бірыңғай жер салығының ставкалары он есе көтерілсін.

2. Осы шешім оны бірінші рет ресми жариялаған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.