Жарияланған күні: 01.06.2015 15:29
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті,    Қазақстан Республикасының  «Салықтар мен бюджтке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексіне, 645-бабына сәйкес, 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушіні қоспағанда, бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшектеп сатуды жүзеге асыратын салықтөлеушілер, ақшалай есеп айырысу қаражаты бойынша деректерді беру және тіркеу  функциясы бар  бақылау-касса машиналарын қолдануға міндетті.

Осыдан  2016 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген норма деректерді тіркеу және (немесе) беру кезінде функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолдану Қазақстан Республикасының аумағында қызметін  жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген жекелеген қызмет түрлері үшін іс әрекет етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандғы №1393 Қаулысымен ортақ пайдаланудағы телекоммуникациялар желілері бойынша салық органдарына ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді жедел режимде беруді қамтамасыз ететін заңды тұлға Казахтелеком АҚ   немесе  фискалдық деректер операторымен анықталған.  

Деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бақылау-кассасы машинасы техникалық талаптарымен анықталады, яғни фискалдық жады барын қарастырады, ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді бір мезгілде фискалдық деректер операторы арқылы салық органдарына бере отырып, ақпараттың фискалды жады блогында не фискалдық деректердің жинақтауышында түзетілмей тіркелуін және энергияға тәуелсіз ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз етеді.

Сондықтан, осындай бақылау-касса машиналар деректері телекоммуникациялық желі арқылы жедел режимде  мәліметтің салық органдарына   түсуін қамтамасыз етеді.

Салық органы, өз кезегінде бақылау – касса машинасын қолдану тәртібін қадағалауды бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар бақылау – касса машинасының деректерін тіркеу және деректерді  беру, фискалды деректер операторымен салық органына берілген деректерді, талдау, камералдық бақылау және (немесе)  салық тексерісі жүргізу кезінде қолданады.

Салық төлеушіге техникалық қызмет көрсету орталығынан деректерді беру қызметімен БКМ сатып алуы қажет; веб-ресурста www.oofd.kz  порталынан фискалдық деректер оператырымен келісім шартын жүктеу, оны басып шығару, қол қою және мөр басу; өтініш беру, БКМ есепке қою туралы құжат пакеті және мемлекеттік кірістер органынан БКМ тіркеу карточкасын алу; БКМ мемлекеттік кірістер органына тіркегеннен кейін, жоғарыда көрсетілген портал бойынша БКМ тіркеу, ID мен токен (код) алу.

Фискалдық деректер операторы құқығында және салық төлеушілерді ақпарат – консультациялық қолдау үшін, www.oofd.kz, ФДО порталы, сондай ақ (59001 нөмірлі сымтетік-қоңырау соғу тегін) Call-орталығы құрылды.

Қосымша ақпараттар алу үшін, салық төлеушілерге тұрғылықты қызметін жүзеге асыратын жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларына жүгінулеріне болады.