Жарияланған күні: 19.08.2015 09:09
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Өскемен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 17.08.2015жылы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты іс-шара ұйымдастырылды. Жас маман Айдарова Аяулым ұлы қазақ поэты, философы мен қоғам қайраткерінің шығармашылығы мен бала кезі, жас шағы туралы баяндама оқыды. Абайдың лирикалық әуенімен Манарбекқызы Ақжарқын поэттың өлеңдерін оқыды берді.

Абайдың шығармалары - мәдениет арқылы халықты даму мен білімге, ағартушылыққа талпынуға шақырып, өз еліне, халықына қызмет етуге жас ұрпақты тәрбиелеп, құлшындырады. Олар әрқашанда өзекті мәселе. Абайдың өмірі «мыңмен жалғыз алысқан...» - ұрпақтар үшін әділдік пен шындықты қажымай іздеуге мысал.

Абай, «поэзия-тілдің билеушісі...» екендігіне нандыра келе, оның өзі поэзияның билеушісі «өз әкесінің ұлы ғана емес, өз халқының, барлық адамзаттың ұлы» болған.

Кеш Абайдың «Көзімнің қарасы» әнімен ұжымның орындауымен аяқталды.