Жарияланған күні: 10.08.2015 15:18
Өзгертілген күні: 21.10.2019 15:34

Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлайды:

2015 жылғы 3 тамыздан бастап Семей қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына келуді телефон байланысы арқылы броньдау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет көрсету уақытын броньдау мүмкіндігі 52-23-61 телефоны бойынша ұсынылады.

Броньдау келесі мемлекеттік қызметтер бойынша жүргізіледі:

1)       Дара кәсіпкерді тіркеу есебі.

2)       Жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиатордытіркеу есебі.

3)       Салық төлеушілерді тіркеу.

4)       Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі.

5)       Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі.

6)       Дара кәсіпкерлерге патент беру.

7)       Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер, салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі туралы жеке шоттан көшірме беру.

8)       Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған табыстардың және ұсталған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама беру.

9)       Қазақстан Республикасының резинденттігін растау.

10)  Салық есептілігін қабылдау.

11)   Салық есептілігін керi қайтарып алу.

12)   Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленген сомаларын есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу.

13)   Бюджеттен қосылған құн салығын қайтару.

14)   Салық және (немесе) өсiмпұлдар төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту.

15)   Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі.

16)   Кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау.

Телефон байланысы арқылы Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына келуді броньдаған тұлғаларға қызмет көрсету үшін жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда күнсайын сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.

Ағымдағы күнге тіркеу Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығына келуді жоспарлаған уақыттан кем дегенде 1 сағат бұрын жүзеге асырылады.