Жарияланған күні: 22.01.2024 18:25
Өзгертілген күні: 22.01.2024 18:25

12.12.2023 ж. Мемлекет басшысының "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы "Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексіне) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қоюына байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті мүліктік кіріс бойынша

Салық кодексінің 331-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына өзгеріс енгізілді (2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) жеке тұлға меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір жылдан аз уақыт Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрақ орындарын өткізген кезде құн өсімінен кіріс пайда болады;

Салық кодексінің 331-бабы 8-тармағының 1) тармақшасына өзгеріс енгізілді (2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) жеке тұлға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттің аумағынан әкелінген, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын, бұрын Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген, бір жылдан аз меншік құқығында болған механикалық көлік құралын және (немесе) тіркемені өткізген жағдайда, кедендік және кәдеге жарату төлемдері де ескерілетін шартта (келісімшартта) немесе өзге де растайтын құжатта көрсетілген, тауарларға арналған декларацияда көрсетілген және осындай механикалық көлік құралдарын және (немесе) тіркемелерді әкелу кезінде төленген баға (құны) оларды сатып алу бағасы (құны) болып табылады.