Жарияланған күні: 22.01.2024 16:52
Өзгертілген күні: 22.01.2024 16:53

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 12.12.2023ж. Мемлекет басшысының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық Кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қоюына байланысты салық заңнамасындағы негізгі өзгерістер бойынша хабарлайды:

Мемлекеттік баж бойынша Салық кодексінің 6-тарауы 51-2-баппен толықтырылды, Салық кодексінің 623-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), соттарда мемлекеттік бажды төлеу бойынша кейінге қалдыруды көздейтін толықтыру енгізілді;

Салық кодексінің 610-бабының 1-1-тармағына өзгеріс енгізілді (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына өтініш берілген азаматтардан алынатын мемлекеттік баж салығы бойынша 1 АЕК мөлшерлемесінің орнына нөлдік мөлшерлеме белгілеуді көздейді;

Салық кодексінің 616-бабы бірінші бөлігінің 15) тармақшасының тоғызыншы абзацы алып тасталды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) соттарда мемлекеттік баж төлеуден босатуға жататын арыздар санатынан сот шешiмiнiң сырттай тәртiппен күшiн жою туралы арызды алып тастау;

Салық кодексінің 616-бабының үшінші бөлігі алынып тасталды (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), онда жеке тұлғалардың жеңілдікті санаттарын Конституцияға Сот енгізілген өтініштер бойынша мемлекеттік баж салығын төлеуден босату нормасын алып тастау көзделген.