Жарияланған күні: 06.02.2024 14:44
Өзгертілген күні: 06.02.2024 14:47

2024 жылғы 02 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Өскемен қаласының Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мамандықтар жәрмеңкесі – 2024» кәсіптік бағдар беру іс-шарасына қатысты.

Медицина, білім беру, IT және инженерия, құқықтану, экономика, қаржы және бизнес, туризм, қауіпсіздік және күзет қызметі сияқты мамандықтардың әртүрлі салалары бойынша қаланың 10-нан астам ведомстволары қатысқан мамандықтар жәрмеңкесі аясында оқушыларға қызметтің неғұрлым қызықты салаларын анықтауға мүмкіндік туды.

Көптеген түлектер Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметімен және жедел басқармалардың функцияларымен танысуға ниет білдірді.

Іс-шара барысында Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы басшысының м.а. Жанар Айтжанова оқушыларға Мемлекеттік кірістер органдарының қалыптасу тарихы туралы айтып, Департамент қызметіне қатысты жас түлектердің сұрақтарына тоқталды.

Жастардың салықтар бойынша сауаттылығын арттыру мақсатында спикер жеке тұлғаларға салық салу тәртібі, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу, жалпыға бірдей декларациялау және салық міндеттемелері туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК «e-Salyq Azamat», «e-Salyq Business», «SalyqBot» чат-ботының цифрлық сервистерінің артықшылықтары туралы жеткізді.

Түлектер үшін бұл кездесу өте қызықты болды. Оқушылар қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды.

Іс-шара соңында Назарбаев Зияткерлік мектебінің өкілдері Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасы басшысының м.а. Жанар Айтжановаға алғыс айтып, сертификат табыс етті.