Жарияланған күні: 22.02.2024 16:28
Өзгертілген күні: 22.02.2024 16:28

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Үкіметтің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағат белдеуі қолданылатынын, сондай-ақ 2024 жылғы 29 ақпаннан бастап 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақыт Қазақстан Республикасының барлық аумағында 1 сағат кейін ауыстырылатынын хабарлайды.

Осыған байланысты бақылау-кассалық машиналардың (БКМ) жұмысы бөлігінде келесіні хабарлаймыз.
1) аппараттық-бағдарламалық кешендер (бұдан әрі – АБК) болып табылатын БКМ бойынша уақытын реттеу 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-де АБК өндірушілерінің серверінде автоматты режимде жүргізіледі.
2) АБК болып табылмайтын БКМ, яғни «темір» БКМ бойынша БКМ-да уақытты реттеуді, БКМ тұтынушыларға өз бетінше БКМ пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа («Күн мен уақытты бағдарламалау» бөлімі) сәйкес 2024 жылғы 29 ақпаннан кейін жүргізу қажет. Бейне нұсқаулықтар Мемлекеттік кірістер комитетінің press_kyzmet_kgd, kgd.gov.kz, kgdmfrk аккаунттарында орналастырылған.

Сұрақтар туындаған жағдайда БКМ сүйемелдеу шарттары шеңберінде Техникалық қызмет көрсету орталықтарынан, Мемлекеттік кірістер басқармаларынан немесе Байланыс-орталықтарынан 1414 телефон нөмірі (3) бойынша тегін негізде кеңес алуға болады.