Жарияланған күні: 25.03.2022 15:07
Өзгертілген күні: 25.03.2022 15:51

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2021 жыл үшін 2022 жылдың 31 наурызына дейін төменде көрсетілген салық есептіліктерін мерзімінен кешіктірмей табыс ету қажет екендігін хабарлайды.

Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация – СЕН 100.00, 110.00, 150.00, 180.00.

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация – СЕН 220.00, 240.00.

Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация – СЕН 700.00.

Шаруа қожалықтарының декларациясы – СЕН 920.00.

 

Түсіндіру жұмыстары басқармасы