Жарияланған күні: 28.02.2024 14:44
Өзгертілген күні: 28.02.2024 14:45

ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2023 жыл үшін автокөлік иелерінің назарларына көлік салығын 2024 жылғы 1 сәуірден кешіктірмей төлеу қажет екенін жеткізеді. Жеке тұлғалар көлік құралына салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

Мемлекеттік кірістер органдары салықты көлік құралына меншік құқығы алынған айдың 1-күнінен бастап және салық кезеңінің соңына дейін, яғни ағымдағы жылдың соңына дейін не меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін иеленудің нақты кезеңі үшін есептейді.

Жеңіл автомобильдер үшін мөлшерлеме қозғалтқыштың көлеміне, жүк көліктері үшін-жүк көтергіштігіне, автобус үшін-отыратын орындардың санына байланысты. Мотоциклдер үшін көлік салығы қозғалтқыштың қуатына байланысты.

Автокөлік иелері соманы біліп, салықты "E-Salyq Azamat" мобильді қосымшасының "Алдағы төлемдер" сервисі арқылы төлей алады. Ұялы телефон нөмірі ЖСН бойынша мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) тіркелуі қажет. Сондай-ақ, соманы ҚР ҚМ МКК http://kgd.gov.kz интернет-ресурсынан және Телеграмм арнасында (Salyqbot) чат бот және мобильді банктік қосымшалар арқылы білуге болады.