Жарияланған күні: 06.02.2024 12:22
Өзгертілген күні: 06.02.2024 12:24

Электрондық кезек жүйесін құру мен енгізудің мақсаты - шекарада тауарлар мен көліктердің қозғалысын ретке келтіру және ашықтығын қамтамасыз ету, бизнес үшін барынша ыңғайлы және қолайлы жағдайлар жасау.

Жүйе ашықтық пен жариялылық қағидаттарына негізделген. Сонымен, жария статистика, брондаудың жария тізілімі, жария онлайн табло, сондай-ақ жария құқықтық база іске асырылды.

Жүйе ЕАЭО-ның барлық сыртқы шекарасында жұмыс істейді («Нұр жолы», «Қалжат», «Бақты», «Майқапшағай», «Алакөл», «Тәжен», «Темір баба», «Б.Қонысбаев», «Атамекен» және «Қазығұрт»). Ресеймен шекарада Жүйені көбейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Электрондық кезек жүйесі - шекарадағы көлік кептелісі жағдайын реттеудің негізгі құралы. «CarGoRuqsat» электрондық кезек іске қосылған сәттен бастап 438 мыңнан астам брондау жасалды және 36 мың пайдаланушы тіркелді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Жалпы, кедендік әкімшілендіру шеңберінде жүргізілетін іс-шаралар елдегі тауар айналымын ұлғайтуға, республикалық бюджетке салық түсімдерінің 29% есе өсуіне және кедендік төлемдер мен салықтардың 18%-ға өсуіне мүмкіндік берді.

ҚХР-мен шекарадағы «CargoAlem» электрондық кезек жүйесінің модулі негізінде ҚХР рұқсаттарының шетелдік бланкілерін («КАТ-ов немесе «дозвол») беру автоматтандырылды, бұл адам факторын жоюға және тікелей өткізу пункттерінде шетелдік рұқсат бланкілерін алуға мүмкіндік берді

Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, оны іске асыру мерзімдерін ұзарту мәселесі пысықталуда.

Шетелдік рұқсат бланкілерін беру өткізу пункттерінде 1 АЕК құрайды.

Пилоттық жоба іске қосылған 2023 жылғы 26 сәуірден бастап 96 мыңнан астам шетелдік рұқсат бланкілері берілді.