Жарияланған күні: 14.03.2022 17:35
Өзгертілген күні: 14.03.2022 17:51

Жүк тасымалдау саласында бәсекелестік орта өте дамыған қазіргі заманда, Қазақстан үшін өзінің транзиттік потенциалын кеңейтудің үлкен маңызы бар. Игілігімізге қарай, осыған мемлекетімізде үлкен ресурстар бар, бірақ оны дұрыс бағытта дамыту қажет.

Көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларды транзиттік тасымалдау рәсімінің мағынасы мен мазмұнын түсінбей оның қажеттілігіне алғаш рет тап болды.

Сонымен бірге, кедендік транзит кедендік рәсімін реттейтін негізгі нормативті құжат, ол «ҚР Кедендік реттеу туралы» Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) болып табылады.

Сондықтан, Кодекске сәйкес кедендік транзит кедендік рәсімі болып сәйкесінше осы кедендік рәсімге тауарларды орналастыру шарттарын сақтаған кезде тауарлар жөнелтуші кеден органынан бастап межелі кеден органына дейін кедендік төлемдер мен салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлемей тауарларды тасымалдау болып табылады. 

Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағы бойынша тасымалдау үшін кедендік транзит кедендік рәсімге тауарларды орналастырудың негізгі шарттары:

       1) Шетел тауарларына қатысты – Кодекстің 226-бабына сәйкес енгізілген кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу бойынша міндеттерін орындауды қамтамасыз ету;

       2) Шетел тауарларына қатысты Комиссиямен анықталған жағдайда, Кодекстің 226-бабына сәйкес арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу бойынша міндеттерін орындауды қамтамасыз ету;

       3) Кодекстің 427-бабымен қарастырылған тәсілдермен тауарларды сәйкестендіру мүмкіндігін қамтамасыз ету;

       4) Кедендік пломбалар мен мөрлер салынатын көлік құралының жүк орындары және бөліктерінде тауарларды тасымалдаған кезде, Кодекстің 28-бабында көрсетілген талаптармен халықаралық тасымалдағы көлік құралының сәйкестігі;

       5)  Кодексітің 8-бабына сәйкес тиым салу мен шектеулерді сақтау.

Кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды орналастыру кезінде жөнелтуші кеден органы  кедендік транзит мерзімін белгілейді (бір айда екі мың шақырымнан аспайтын есепте анықталады), тауарлардың жеткізу орнын анықтайды, сонымен қатар тауарлар және оның құжаттарына сәйкестендіру жүргізеді. Тауарлардың жеткізу орны межелі кеден органының қызмет ету аймағындағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.

Кедендік транзит кедендік рәсіміне тауарларды тасымалдау кезінде тасымалдаушы Кодекстің 230-бабының 2-тармағындағы жағдайларды қоспағанда осындай кедендік рәсімге орналастырылған тауарларға декларант болуына қарамастан міндетті:

      1) тауарларды және оларға арналған құжаттарды жөнелтуші кеден органы белгілеген мерзімде тауарларды жеткізу орнына, егер белгіленген болса, тауарларды тасымалдаудың (тасудың) белгілі бір маршруты бойынша жүре отырып, жеткізуге;

      2) тауарлардың, кедендік пломбалар мен мөрлердің , егер қолданылған болса, өзге де сәйкестендіру құралдарының сақталуын қамтамасыз етуге;

      3) Кодекстің 228-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайды қоспағанда, кеден органдарының рұқсатынсыз кедендік транзит кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын (тасылатын) тауарларды түсіруге, қайта тиеуге (ауыстырып тиеуге) және олармен жасалатын өзге де жүк операцияларына, сондай-ақ осындай тауарларды тасымалдайтын көлік құралдарын ауыстыруға жол бермеуге міндетті.

Тасымалдаушының Кодекстің көзделген міндеттерді сақтауына кедергі келтіретін авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар кезінде тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қабылдауға, осы мән-жайлар және тауарлардың тұрған жері туралы жақын кеден органына дереу хабарлауға, сондай-ақ тауарларды апаруға немесе оларды жақын кеден органына не кеден органы көрсеткен өзге жерге тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етуге (егер оның көлік құралы бұзылған болса) міндетті.

Кедендік транзит кедендік рәсімінің әрекеті жөнелтуші кеден органымен анықталған тауарларды жеткізу орнына тауарларды жеткізген соң аяқталады.

Кедендік транзит кедендік рәсіміне орналастырылған барлық тауарларды және олардың құжаттарын жеткізу орнына жеткізбеген кезде Кодекстің 230- бабында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген жауапкершілікке тартылады.

                                                 

                                             ШҚО бойынша МКД «Бақты» к/б

                                             жетекші маманы  А.К. Ахметкалиев