Жарияланған күні: 15.06.2022 15:33
Өзгертілген күні: 15.06.2022 15:34

2018 жылдың қазанынан бастап Кеден одағына мүше - мемлекеттердің кедендік қызметтерінің біріккен алқасының 2018 жылғы 21 қыркүйектегі №28/16 шешімімен (бұдан әрі - Шешім) транзитті тауарларды  электронды декларациялау қолданысқа енгізілді. Осы Шешіммен транзиттік декларацияларды электронды түрде ұсыну қарастырылған, сонымен бірге шекарадан қиып өту кезінде кеден органдарына тек көлік (тасымалдау) құжаттары ұсынылады. Тауарлардың коммерциялық құжаттары, сонымен қатар рұқсаттама құжаттарын (лицензия, сертификат) кеден органына ұсыну міндетті емес.  

Сонымен бірге, аталған бағдарламаның оң көрсеткіштері тауарды тәуекел дәрежесі бойынша автоматты түрде жатқызу болып табылады, ол дегеніміз кедендік бақылаудың кез келген шарасын қолдануды айқындау кеден органы қызметкерінің қатысуынсыз автоматты түрде жүргізіледі.

Тауарларды келу орнында кедендік транзиттің кедендік рәсімімен орналастыру үшін белгіленген көлемде алдын ала ақпарат ұсынылған жағдайда, ұсынылған алдын ала ақпарат транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттарда қамтылған алдын ала ақпарат пен мәліметтердің алшақтығы болмаған жағдайда транзиттік декларацияның электрондық көшірмесі ретінде пайдаланылады.

  Осы норма транзиттік декларацияның электронды көшірмелерін қалыптастыру үшін өткізу пунктерінде кедендік өкілдерге (брокерлерге) СЭҚ қатысушыларының өтініштерінің қажеттілігінің болмауына әкеледі, ол өз жағынан СЭҚ қатысушылары үшін уақытын және қаржы шығынын азайтады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, кедендік шекарада тауарларды ресімдеу уақытын, бюрократиялық кедергілерді қысқартумен қатар, электрондық декларациялауды қолдана отырып, транзиттік тауарларды ресімдеудің оң факторы тауарды ресімдеу және мүдделі тұлғалардың (жүкті жөнелтуші, алушы және тасымалдаушы) кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауы туралы онлайн-деректерді алу мүмкіндігі болып табылады.

Ақпараттық жүйеге транзиттік декларацияны тіркеген соң оны ресімдеу туралы ақпараттар межелі кеден органының ақпараттар жүйесіне дереу түседі, сонымен қатар СЭҚ қатысушылар көру үшін қол жетімді болады. Транзиттік жүктің жол бағытында форс мажор жағдайлар туындаған кезде, кез келген аралық органдарда электронды транзиттік декларацияға өзгерістер енгізу мүмкіндігі бар, олар жектізу мерзімін ұзарту, межелі кеден органын өзгерту, көлік құралдарының нөмірін және сәйкестендіру құралдарын өзгерту. Межелі кеден органына тауарлар келген соң, қызметкер ақпараттық жүйеге тауарларды жеткізу уақыты және толықтығы туралы, сонымен қатар салынған пломбылардың сақталуы туралы ақпараттарды енгізеді. Аталған ақпарат онлайн түрде жөнелтуші кеден органына және СЭҚ қатысушыларына қол жетімді. Осылайша кедендік транзит кедендік рәсімі аяқталады және аталған тауарлар бақылаудан шешіледі.

 

         ШҚО бойынша МКД КӘБ КББ бас маманы О. Чуваева