Жарияланған күні: 11.02.2022 14:39
Өзгертілген күні: 11.02.2022 14:41

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 қаңтардағы № 80 бұйрығымен (бұдан әрі – бұйрық) «Уәкілетті кеден органының кедендік сараптама жүргізу қағидаларын және Мемлекеттік кірістер органының кедендік сараптама тағайындау туралы шешімінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы № 228 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін назарға жеткізеді.

Кедендік сараптамалары өндірісін ұйымдастыру, кедендік сараптаманы тоқтату тәртібі мен мерзімдері және кедендік сараптаманы тағайындау туралы шешімінің нысаны бойынша өзгерістер енгізілді.

Бұйрық 2022 жылғы 31 қаңтарда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды, http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2200026647.