Жарияланған күні: 06.02.2024 12:30
Өзгертілген күні: 06.02.2024 12:34

Елдің транзиттік әлеуетін дамыту және шектес елдермен тауар айналымын ұлғайту мақсатында Үкімет Қытай Халық Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен және Түрікменстанмен шекарадағы өткізу пункттерін толыққанды жаңғыртуды бастады.

Жаңғырту қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейтін ескі инфрақұрылымды сүре отырып, жаңа өткізу пункттерін салуды қамтиды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады.

Мысалы, жүргізіліп жатқан жаңғырту шеңберінде мүлдем жаңа жерде «Алакөл» автомобиль өткізу пункті салынуда, оның аумағы едәуір кеңейтілуде.

2023 жылғы шілдеде «Достық-теміржол» инспекциялық-тексеру кешені пайдалануға берілді.

Жаңғыртумен қатар кедендік бақылаудың техникалық құралдарын (таразылар, ИДК, шлагбаумдар және т.б.) цифрландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде, оның шеңберінде Бас диспетчерлік басқармадағы кеден бекеттерін орталықтандырылған бақылау жоспарлануда.

Жаңғырту өткізу пункттерінің инфрақұрылымын жақсартуға мүмкіндік береді, шекарадан ыңғайлы өту және мемлекеттік бақылау түрлерін сапалы жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады, қозғалыс жолағы 2-ден 6-ға  дейін кеңейтіледі, өткізу мүмкіндігі 8 есеге ұлғайтылады және тауарлар мен көлік құралдары қозғалысының барлық циклін автоматтандыру арқылы шекарадан өту уақыты 30 минутқа дейін қысқарады.