Жарияланған күні: 20.03.2024 16:16
Өзгертілген күні: 20.03.2024 16:16

2023 жылғы 19 сәуірде «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттің аумағы бойынша жол жүруге рұқсат беру «мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық (ҚР көлік, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі және қаржы министрлерінің бірлескен бұйрығы) енгізілді.

Бірлескен бұйрық негізінде қытайлық жүк тасымалдауға арналған рұқсат бланкілері мемлекеттік шекарадан өту фактісі бойынша қазақстандық тасымалдаушыларға шекарада беріледі.

Бұл механизм оң нәтиже көрсетті және адал тасымалдаушыларға ҚХР-мен жүк тасымалын жеңілдетуге мүмкіндік берді, сондай-ақ кезектегі орындармен және рұқсат бланкілерімен алыпсатарлықты алып тастады.

Анықтама: осы бірлескен бұйрық күшіне енген сәттен бастап КҚ-ның шығу фактісі бойынша тікелей өткізу пункттерінде 113 мыңнан бланк берілді және бланкілерді қайта сату мүмкіндігі 100% алынып тасталды және адал тасымалдаушылар жоғары бағалады.

Осыған байланысты бірлескен бұйрықты 2025 жылғы 1 маусымға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды (2024 жылғы 15 наурызда күшіне енді).

Бұдан басқа, шетелдік рұқсат бланкілерін берудің осындай тетігі Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өткізу пункттерінде де енгізіледі.

Бұл ретте өзбек бланкілері электрондық форматта берілетін болады.

Сонымен қатар, 2024 жыл ішінде ҚХР мен ҚР арасындағы өткізу пункттерінде берілетін рұқсат бланкілерін электрондық форматқа көшіру жоспарлануда.

Өз кезегінде, мемлекеттік шекарада берілетін, пайдаланылған шетелдік рұқсат бланкілері қайтаруға жатпайды.