Жарияланған күні: 27.03.2024 11:27
Өзгертілген күні: 27.03.2024 11:28

2024 жылғы 26 наурызда ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің алаңында "Қазақстандағы жеке тұлғалардың табыстарына салық салудың заманауи аспектілері"тақырыбында семинар өткізді.

Семинар аясында Департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы басқармасының басшысы Гүлмира Сабралимова қатысушыларды Қазақстандағы жеке тұлғалардың табыстарына салық салу аспектілерімен таныстырды, жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар туралы ақпаратпен бөлісіп, осы тақырыптар бойынша жиі келіп түсетін сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында декларацияны тапсыруға көмек көрсетілді.

Сөз соңында С. Аманжолов атындағы ШКУ өкілдері спикерге өз алғыстарын білдірді.