Жарияланған күні: 20.06.2022 16:33
Өзгертілген күні: 20.06.2022 16:42

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 104-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік дәрігерінің 29 сәуірдегі , 2022 жылғы № 21 «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шаралары туралы» қаулысының күші жойылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі шектеу іс-шараларын алып тастау туралы 07.06.2022 жылғы № 27 Қаулысы шықты.

«Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өтетін адамдар мен көлік құралдарын, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өткізілетін бақылаудағы өнімдерді (тауарларды) мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды (бақылауды) жүзеге асыру тәртібі туралы» 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 ЕЭК шешімімен бекітілген ережеге сәйкес, «Бақты» кеден бекетінің СКБ мамандары Қазақстан Республикасының аумағына мемлекеттік шекара арқылы өтетін жұқпалы, аса қауіпті және паразиттік аурулардың алдын алу шараларын жүргізеді, өткізу пункттеріне келген жүргізушілер мен жолаушыларға, сондай-ақ «Бақты» к/б қызметкерлеріне сауалнама жүргізеді, олардың денсаулық жағдайы, қызметкерлердің термометриясы туралы, көлік құралдарының жүргізушілері мен жолаушыларының денсаулық жағдайы туралы (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша және шағымдар болған жағдайда). Медициналық куәландыру денсаулық жағдайына шағымдар болған жағдайда, көлік құралын санитарлық тексеруден (тамақ блогы, сумен жабдықтау жүйелері, қалдықтардың барлық түрлерін жинау және шығару жүйелері), сондай-ақ қалдықтардың бар-жоғын тексеру  ұйымдастырылады, инфекцияның тасымалдаушылар бар жоғына тексеру  жүргізіледі (жәндіктер, кеміргіштер немесе олардың болуының іздері).

 

«Бақты» кеден бекетінің СКБ

жетекші маманы М.Г. Мамырбаева