Жарияланған күні: 29.07.2019 13:57
Өзгертілген күні: 22.11.2019 10:37

Еуразиялық экономикалық одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу  Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне, 2010 жылғы 18 маусымдағы «Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы»  Келісімге, 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағы комиссиясының №311 «Кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалармен өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатыста кедендік операцияларды жүргізу тәртібі және мұндай тауарларды кедендік бақылауда жоқ, деп тану фактісін көрсету туралы Нұсқаулық туралы» Келісімге,  Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы №107 «Жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты жекелеген мәселелер туралы» Шешімге, (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 12 бұйрығымен өзгертілген)  «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Жеке тұлғалар айына бір рет тауарлардың құны 500 еуродан және салмағы 25 килограмнан аспаған жағдайда, кедендік төлемдер мен салықтардан босатыла отырып, жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізуге құқылы.

Бөлінетін тауарлар осы нормадан асып кеткен жағдайда, олардың кедендік құнынан 30 пайыз бірыңғай ставкасы қолданылады, алайда әр килограмы  үшін 4 еуродан кем емес.

Жеке пайдалануға арналған бөлінбейтін тауарларды әкелу кезінде, кедендік құнға және салмаққа қарамастан, әр килограм салмағы үшін кемінде 4 еуро, кедендік төлемдердің кедендік құнынан 30 пайыз бірынғай мөлшерінде кедендік төлемдер өңдіріледі. Жеке пайдалануға арналған көлік, әуе және су кемелерін қоспағанда.

Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарлардың белгіленген өткізу нормасынан асып кеткен жағдайда, кеден органының қызметкерімен кедендік  кіріс ордері/ тауар декларациясын рәсімдеу жүргізіледі.

Жеке тұлғалардың ТТЖ (тұрақты тұру жері) көшу кезінде міндетті түрде жазбаша декларациялау жүргізіледі, ЖКД (жолаушылардың кедендік декларациясы) (А-4 ф.)  толтырылады, яғни тұрмыстық заттардың  тізімі, төлқұжат көшірмесі, тұрақты тұруға рұқсат  және оралман куәлігінін көшірмесі бірге ұсынылады.

«Жеке тұлғалардың жеке пайдалану үшін тауарларды Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу тәртібі туралы»  Келісімге сәйкес тұрақты тұратын жеріне қоныс аударатын тұлғалар, кедендік төлемдер мен салықтардан босатыла отырып, 1 автокөлік құралынан аспайтын және бір тіркемені кіргізе алады. Бұл ретте, келесі шарттардың орындалуы қажет:

         - Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген  тұлғаның келген уақытынан бастап, бұдан бұрын тұрған мемлекеттен жеке пайдалануға  арналған көлік құралын 18 айдан кешіктірмей кіргізу;

         -  тұрақты тұруға келген тұлғаның, бұдан бұрын  тұрған мемлекетте 6 айдан кем емес мерзімде автокөлік және тіркеме, көрсетілген тұлғаның жеке меншігінде болуы және сол тұлғаға тіркелулі болуы тиіс.

Жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған келесі таурлары жатқызылады:

- иесімен бірге жөнелтілмейтін багажда немесе тасымалдаушымен жеткізілетін;

- оларға қатысты  тыйым салулар мен шектеулер қолданылатын;

 -  белгіленген өткізу нормасынан асып кеткен жағдайда;

- уақытша кіргізу / шығаруды қоспағанда, көлік құралдарды;        

- кеден одағының кеден заңнамаларында белгіленген жағдайда ақша қаражаттары және (немесе) ақша құралдары;

- ТТЖ-ға әкелінген, мәжбүрлі түрде көшіп келушілердің, босқындардың кіргізген тауарлары;

- мұраға қалған тауарлар;

- мәдени құндылықтар;

- халықаралық почта жөнелтімдерімен жөнелтілетін жеке пайдалануға арналған тауарлар.

Жеке тұлғамен  кеден одағының кеден шекарасы арқылы қолма-қол ақша және (немесе) ақша құралдарын әкелу/әкету шектеусіз жүзеге асырылады.

Жеке тұлғамен бір мезгілде әкелінген/ әкеткен қолма-қол ақша құралдары және (немесе) жол чектері 10 мың АҚШ доллар баламалығынан аспайтын немесе тең сомаға, әкелінген/ әкеткен қолма-қол ақша құралдары және (немесе) жол чектері жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатпайды. 

Жеке тұлғамен бір мезгілде әкелінген/әкеткен қолма-қол ақша құралдары және (немесе) жол чектері 10 мың АҚШ доллар баламалығынан асатын жағдайда, бүкіл әкелінетін/әкетілетін қолма-қол ақша құралдары және (немесе) жол чектері кедендік жолаушылар декларациясын беру арқылы жазбаша нысанда кедендік декларациялауға жатады.

Кедендік шекара арқылы жеке тұлғалардың тасымалдайтын тауарларын жеке пайдалануға арналған тауарларына жатқызу,  тәуекелдерді басқару жүйесін пайдалану арқылы, төмендегілерді негізге ала отырып жүзеге асырады:

- жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлері (өткізілетін тауарлар туралы жеке тұлғаның ЖКД қолдануымен ауызша және жазбаша нысанда жазылған өтініші);

- кедендік төлемдер мен салықтардан босатыла отырып, жеке пайдалану үшін тауарлардың  құндық, сандық  және салмақтық өткізу нормалары;

- жеке пайдалануға арналған таурлардың жекелеген санаттырын кедендік төлемдер мен салықтардан босату жағдайлары;

          - жеке пайдалануға арналған тауарларларға кедендік баждарды, салықтарды қолдану тәртібі;

- тауарлардың сипаты мен саны;

- жеке тұлғалардың кедендік шекара арқылы өту және тауарларды өткізу жиелігі.

«Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің  2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 12 бұйрығымен өзгертілген)  тауарлардың сипаты  мен саны, сондай-ақ  тауарларды өткізу жиілігі белгіленген.

Кеден одағының кедендік аумағына алып жүретін және алып жүрмейтін багажда жеке тұлғалар әкелетін тауарлардың сипаттамасы мен санына, сондай-ақ тауарларды өткізу жиілігіне байланысты, жеке пайдалануға арналған тауарларға жатады, егер:

1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса:

ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін ан терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;

ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2(екі) бірлік;

планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;

портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;

зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;

велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;

бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана;

2) кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса.

2.  Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер олардың саны жылына 1 (бір) бірліктен асса кәсiпкерлiк қызмет мақсатына арналған деп қарастырылады.

3. Көрсеткiштер бұрын пайдалануда болған тауарларға (жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын қоспағанда) қатысты қолданылмайды.

                                                                          

ШҚО бойынша МКД

«Бақты» кеден     бекетінің жетекші маманы

Нуржан Дандесов